COVID-19: Ресейде індет жұқтырғандар саны 600 мыңнан асып жығылды

COVID-19: Ресейде індет жұқтырғандар саны 600 мыңнан асып жығылды

COVID-19: Ресейде індет жұқтырғандар саны 600 мыңнан асып жығылды
ашық дереккөзі
Ресейде коронавирус жұқтырғандардың жалпы саны  606 881 адамға жетті. Бұл туралы елдегі коронавирустың таралуын бақылау жөніндегі жедел штабқа сілтеме жасап ТАСС хабарлады. Агенттіктің дерегінше, бір тәуліктегі өсім 1,2%-ға төмендеп, рекордтық көрсеткіш көрсеткен. Бұған дейін 1,3% деңгейінде болған. Қазіргі уақытта ем қабылдап жатқандар саны – 229546 адам. Коронавирусқа шалдығып, жазылып шыққандар саны өткен тәулікте 12 393 адамды құрады. Бұл - инфекция басталған уақыт ішіндегі рекордтық көрсеткіш. Елде індет жұқтырғандардың 368 822-сі дертінен айыққан.  Бұл – Ресейде коронавирусқа шалдыққандардың 60,7 пайызы. Сондай-ақ, соңғы тәулікте қатерлі вирустан 154 адам көз жұмғаны белгілі болды. Осылайша Ресейдегі індет құрбандарының жалпы саны 8513-ке жетіп отыр. Айта кетейік, Ресей коронавирус жұқтырғандар саны жөнінде әлемде АҚШ пен Бразилиядан кейінгі үшінші орында. Джонс Хопкинс университетінің дерегінше, дүние жүзінде 9,2 миллионнан астам адамнан коронавирус анықталған. Індеттен 478 мыңнан аса науқас көз жұмды.