Қасым-Жомарт Тоқаев Қызыл алаңда өткен әскери парадқа қатысты

Қасым-Жомарт Тоқаев Қызыл алаңда өткен әскери парадқа қатысты

Қасым-Жомарт Тоқаев Қызыл алаңда өткен әскери парадқа қатысты
ашық дереккөзі
Жұмыс сапарымен Мәскеуде жүрген Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қызыл алаңда өткен Жеңіс парадына қатысты.  Бұл жөнінде Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook парақшасында мәлімет таратты. «Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 75 жылдығына орай Мәскеудегі Қызыл алаңда өткен әскери парадқа қатысып, «Белгісіз солдат» қабіріне гүл шоғын қойды», - деп жазды Берік Уәли. Еске сала кетейік, Мәскеуде Екінші дүниежүзілік соғыстағы Жеңістің 75 жылдығына орай әскери шеру өтіп жатыр. Оған Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев та қатысуда.