Арыс оқиғасына бір жыл: Аймақтан 380 мың оқ-дәрі әкетілген

Арыс оқиғасына бір жыл: Аймақтан 380 мың оқ-дәрі әкетілген

Арыс оқиғасына бір жыл: Аймақтан 380 мың оқ-дәрі әкетілген
ашық дереккөзі
Арыс қаласындағы әскери қоймада болған оқ-дәрілердің жарылысынан бері бір жыл өтті. Төтенше жағдайдың салдарын жою жұмыстарының жылдық қорытындысы жарияланды. ҚР ҚК Тыл және қару-жарақ басқармасының бастығы Асылбек Сатыбалдиновтың айтуынша, аймақтағы жағдай әлі де бақылауда. Бүлінген инфрақұрылымның 90 пайызы қалпына келтірілген. Жыл бойы өңірде төтенше жағдайдың салдарын жоюға жұмсалған қосынды отряд жұмыс істеп келеді. Ай сайын саперлар мен басқа да әскери мамандар ротацияға сәйкес жұмыс жүргізуде. «Іздеу топтары, инженерлік барлау мен минасыздандыру топтары 300 шаршы шақырымды барлап, тексеріп шықты. Оның ішінде егін аумақтары да, жақын маңдағы елдімекендер де бар. Мобильді және іздеуші саперлік топтар жергілікті халықтан түскен 740-қа жуық өтінім бойынша жұмысты аяқтады. Осының арқасында оқ-дәрілердің 4,5 мың фрагментті залалсыздандырылды. Водолаздар Арыс өзенінің 30 шақырымдық арнасын тазартты. Жарылыс болған аумақ ауданы 500 гектар жерді құрайды. 130 гектар аумақта беткі тазарту жұмыстары жүргізілді», - деді Асылбек Сатыбалдинов. Басқарма басшысының сөзінше, әуеден бақылау жүргізіп, елдімекендерде орналасқан қоймаларды монитрингтеу үшін ұшқышсыз ұшатын аппараттар мен квадрокоптерлер қолданылыпты.  «Жарылатын қаупі жоқ фрагменттер қауіптің алдын алу үшін ашық алаңға жиналады. Арыстан оқ-дәрілердің 380 мың фрагменті әкетілді. Оның 330 мыңы жарылыс қаупі барлары. Оларды тасымалдау үшін әскери қарауылдың бірге жүруімен 5 мың автокөлік рейсі орындалды», - деді А.Сатыбалдинов.