Жаңалықтар

ЕҰУ әлемдегі ең үздік жас университеттер қатарына енді

ашық дереккөзі

ЕҰУ әлемдегі ең үздік жас университеттер қатарына енді

Халықаралық QS агенттігі ашылғанына 50 жылдан аспаған әлемдегі үздік 50 университеттің (QS Top 50 Under 50) тізімін жариялады. Орта Азия мен Қазақстан бойынша бір ғана жоғары оқу орны әлемдегі 50 жетекші жас университеттің қатарына кірді. Ол – Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті. Тізімге ТМД бойынша екі жоғары оқу орны ұсынылды: Еуразия ұлттық университеті және Ресейдің жоғары экономика мектебі. Сондай-ақ рейтингке Оңтүстік Корея, Жапония, Малайзия, Франция, Финляндия, Ресей және басқа 20 елдің университеттері қатысты. Агенттік ЕҰУ-дің академиялық беделін, жұмыс берушілер арасындағы беделін, студенттердің оқытушылар құрамына деген қарым-қатынасын, шетелдік оқытушылар мен шетелдік студенттер санын ескерді.