Елордадағы Abu Dhabi Plaza жыл соңына дейін пайдалануға беріледі

Елордадағы Abu Dhabi Plaza жыл соңына дейін пайдалануға беріледі

Елордадағы Abu Dhabi Plaza жыл соңына дейін пайдалануға беріледі
ашық дереккөзі
Нұр-Сұлтан қаласының cәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасы елордадағы Abu Dhabi Plaza көпфункционалды кешені биылғы жылдың соңына қарай пайдалануға берілетінін айтты. Нысан Ақмешіт, Сығанақ және Түркістан қалаларының бойында орналасқан. Жер көлемі – 4,4613 гектар. «Abu dhabi Plaza» – Орта Азиядағы мұнара типіндегі ең ірі кешен саналады. Ол аумағы 500 мың шаршы метрден асатын бес ғимараттан тұрады. Ішіндегі ең биік мұнараның ұзындығы – 311 метр, 75 қабаттан тұрады. Онда кеңселер мен тұрғын үй пәтерлері орналасады.