Жаңалықтар

COVID-19: симптомсыз науқастардың жағдайын мобильді бригада қадағалайды

ашық дереккөзі

COVID-19: симптомсыз науқастардың жағдайын мобильді бригада қадағалайды

Алматыда амбулаториялық деңгейде ауқымды жұмыс жүргізілуде. Симптомсыз науқастарды мобильдік бригада қадағалайды. Бұл туралы онлайн брифинг барысында қалалық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Камалжан Надыров айтты. Оның айтуынша, қаладағы әр емханада бекітілген регламентке сәйкес пациенттерді мониторингілеумен айналысатын мобильді бригадалар құрылған. Бүгінгі күні олардың саны – 72. Мобильді топтың құрамына бөлімше меңгерушілері, инфекционист дәрігерлер, эпидемиологтар, учаскелік дәрігерлер мен мейірбикелер кіреді. Барлығы 287 медицина қызметкері жұмылдырылған. «Қазіргі уақытта қалада амбулаториялық деңгейде мониторингте 2986 адам бар, оның ішінде симптомсыз түрімен 2365 адам ауырып жатыр. Бұл – науқастардың 79%. 621 адамның симптомдары бар, олардың үлесі 21%-ды құрайды. Амбулаториялық деңгейде симптомдары бар ауырлықтың жеңіл дәрежесінде 555 адам – 89%, ауырлықтың орташа дәрежесінде - 66 адам немесе бақылау жүргізілген адамдардың 11%. Созылмалы аурулары бар, тәуекел тобындағы 60 жастан асқан адамдарға ерекше көңіл бөлінуде, қазіргі уақытта олардың саны – 94 адам»,– деді Камалжан Надыров. Сонымен қатар, ол дене қызуы кішкене көтерілгені үшін міндетті түрде ауруханаға жатудың қажеті жоқ екенін айтты. «Мұнда біз виртуалды жұқпалы аурулар ауруханасын ашып, расталған жағдайларда да, коронавирустың ықтимал жағдайлары бар пациенттердің денсаулық жағдайына мониторинг жүргізудеміз. Тәжірибе көрсеткендей, бұл жерде ең қиыны – індеттің симптомсыз немесе жеңіл түрі бар халықты үйде отыруға көндіру. Әйткенмен стационарлардың төсек-орны толып қалуына байланысты барша халыққа ең алдымен үрейге бой алдырмай, болмашы дене қызуы ауруханаға жатқызуға себеп болмайтынын айтқым келеді», – деді ол.