Төтенше жағдай режимі алынғаннан кейін еркінсіп кеттік – Президент

Төтенше жағдай режимі алынғаннан кейін еркінсіп кеттік – Президент

Төтенше жағдай режимі алынғаннан кейін еркінсіп кеттік – Президент
ашық дереккөзі
BIZ BIRGEMIZ онлайн форумында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев COVID-19 әлі де болса үлкен қатер төндіріп тұрғанын айтты. «Бүгінде бүкіл әлемде коронавирустың таралуы қорқынышты ауқымға ие болып келеді. Коронавирус шабуылына ұшыраған жалғыз біз емеспіз. Төтенше жағдай режимі алынып тасталғаннан кейін еркінсіп кеттік, оны мойындау қажет. Кейбір азаматтар мен мемлекеттік қызметшілер «қауіпті кезең артта қалды, өтіп кетті» деп ойлады. Қауіпті дұрыс бағаламай, медициналық ережелер мен талаптарды сақтауды қойдық. Жекелеген азаматтар мұндай ауру жоқ деген өсек-аяңға сене бастады. Бірақ, COVID-19 әлі де болса үлкен қатер төндіріп тұр. Сондықтан Үкімет карантин шараларын қайта күшейтті», – деді Мемлекет басшысы. Дегенмен, Қазақстан Президенті көңіл-күйді түсіріп, күйзеліске бой алдырудың еш қажетті жоқ екенін, толыққанды өмір сүруді жалғастыра беруіміз керегін айтты. «Бүкіл әлемде адамдар карантин кезінде отбасымен жақындаса түскенін, балаларына, олардың проблемаларына көп көңіл бөле бастағанымен бөлісуде. Суретшілер, музыканттар, жазушылар, ақындар карантин уақытында шығармашылықпен өнімді жұмыс істегенін айтуда», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.