Алексей Цой Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі болып тағайындалды

Алексей Цой Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі болып тағайындалды

Алексей Цой Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі болып тағайындалды
ашық дереккөзі
ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Денсаулық сақтау министрлігінің ұжымына ҚР Үкіметінің қаулысымен тағайындалған денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Алексей Цойды таныстырды, – деп хабарлады primeminister.kz. Үкімет басшысы А.Цойдың медицина және басқару саласындағы үлкен жұмыс тәжірибесін атап өтті. Ол министр Е.Біртанов емделіп шыққанша денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарады. А.Мамин коронавирус пандемиясымен күрес жағдайында халық денсаулығын сақтау бойынша денсаулық сақтау жүйесінің алдында тұрған міндеттерді шешудің маңыздылығын атап өтті.