ҰБТ: емтиханнан шеттетілген балалармен психолог жұмыс істейді

ҰБТ: емтиханнан шеттетілген балалармен психолог жұмыс істейді

ҰБТ: емтиханнан шеттетілген балалармен психолог жұмыс істейді
ашық дереккөзі
Ұлттық бірыңғай тестілеуден шеттетілген балалармен психологтер жұмыс істейді. Бұл туралы ҚР БҒМ Ұлттық тестілеу орталығы директорының орынбасары Наужан Дидарбекова айтты, – деп жазды ҚазАқпарат. «Қазіргі уақытта елімізде 10 007 түлек бүгін ҰБТ тапсыруға өтініш берген. Оның ішінде қазір еліміздің 17 өңіріндегі 77 ҰБТ өткізу пунктінде тестілеу өткізіліп жатыр. 9-ы қалалық жерде, 68-і ауылды елді мекендерде орналасқан», – деді ол Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифинг барысында. Сонымен қатар, ол тест тапсыруға жіберілмеген балалармен психолог жұмыс істейтінін айтты. «Жалпы, тестілеуден шеттетілген балалармен мектеп психологтері, ата-аналар, мектеп мұғалімдері тиісті жұмыс жүргізеді. Біз де бұл шаралардан тыс қалып отырған жоқпыз. Тесттен шекті балл ала алмай қалған балалармен де тиісті жұмыстар жүргізетін боламыз. Ал дене қызуымен келген балаларға медициналық көмек қажет болады», – деді Наужан Дидарбекова.