Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің кеңесшісі тағайындалды

22 маусым, 2020 / Асыл ТҰМАР
ашық дереккөзі
Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің кеңесшісі тағайындалды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің кеңесшісі болып Серік Оспанов тағайындалды, – деп хабарлайды аталған ведомствоның ресми сайты. Оспанов Серік Жәмекеұлы түрлі жылдары Ақтау қаласының әкімі, Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары қызметтерін атқарды, сондай-ақ 3 шақырылымда ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты болды. Серік Оспанов индустриялық даму мәселелерімен айналысады.