Қазақстанның екі қаласында ауа сапасы нашарлайды
22 маусым, 2020 /
Асыл ТҰМАР
Қазақстанның екі қаласында ауа сапасы нашарлайды
«Қазгидромет» РМК Қазақстан қалаларындағы 22 маусым күнгі ауа сапасы туралы болжамын жариялады.
Атап айтқанда, қолайсыз метеорологиялық жағдай екі қалада – Қарағанды және Шымкентте болады. Өзге шаһарларда метеоахуал қалыпты.
Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы. ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.