ҰБТ-ның алғашқы күні: Түркістан облысында 1306 оқушы сынақ тапсырды
ҰБТ-ның алғашқы күні: Түркістан облысында 1306 оқушы сынақ тапсырды
Биыл Түркістан облысында 24 658 оқушы мектеп бітірді. Олардың 18 мың 500-ге жуығы Ұлттық бірыңғай тестілеуге өтініш білдірген.
Бүгін облыстағы 9 тестілеу өткізу пунктінде 1306 түлек сынақ тапсырды.
Ордабасы ауданындағы Шоқан Уәлиханов атындағы мектеп-гимназияда ұйымдастырылған тестілеу барлық санитария талаптарын сақтай отырып өткізілді. Таңғы 8-ден бастап арақашықтықты сақтап, ішке кірген түлектер алдымен дезинфекциялық дәлізден өтті. Сосын арнайы ерітіндімен қолдарын залалсыздандырып, дене қызуы тексерілді. Барлығына жаңа маска үлестірілді. Тест тапсыруға бөлінген әр аудаторияға 12 баладан кірді. Барлық кабинет бейнебақылау камераларымен жабдықталған.
Жалпы облыс бойынша 15 Ұлттық бірыңғай тестілеуді өткізу пункттері жұмыс істейді.