Ақтөбеде карантин қайта күшейтілуі мүмкін

Ақтөбеде карантин қайта күшейтілуі мүмкін

Ақтөбеде карантин қайта күшейтілуі мүмкін
ашық дереккөзі
Ақтөбе облысында шектеу шаралары қайта күшейтілуі мүмкін.  Облыстық тауарлар мен көрсетілетінін қызметтер сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы Нұрсұлу Беркімбаеваның айтуынша, жергілікті тұрғындар арасында шектеу шараларын орындамайтындар көбейген. «Ақтөбе қаласы мен бірнеше ауданда шектеу шарасы күшейтілді. Соған қарамастан сақтық шарасын ұстанатындар аз. Біз тағы да ескертеміз. Той-садақа жасауға болмайды, адам көп жиналатын жерге бармаймыз. Ауруханаларда өкпенің қабынуы дертімен түсіп жатқандардың 95 пайынынан коронавирус анықталмады. Ал шектеу шарасына келер болсақ, егер жағдай қиындай түссе міндетті түрде шектеу одан әрі күшейтіледі», - деді департамент басшысы. Облыс әкімінің орынбасары Нұржауған Қалауов та санитарлық талаптар сақталмаса, өңірде карантин режимі қайта күшейтілетінін ескертті. «Көрші облыстарда карантин күшейтіп, блокпостар қойылғаны рас. Мұнай жағдай кез келген уақытта бізге келуі мүмкін. Талап сақталмаса, күшейтіледі. Ол жағдай әр салаға кері әсерін тигізуі ықтимал. Әр ортада, ұжымда санитария талабы сақталуы тиіс», - деді облыс әкімінің орынбасары Нұржауған Қалауов. Соңғы тәулікте Ақтөбе облысында 20 адамнан қатерлі вирус анықталып, аймақта коронавирус жұқтырғандардың жалпы саны 610-ға жетті. Ал республика бойынша вирус жұқтырудың 446 жаңа дерегі тіркеліп, індетке шалдыққандардың жалпы саны 17225 болды.