Сейсенбі, 27 Қыркүйек, 2022

"Black Lives Matter": АҚШ вице-президенті ереуілшілер ұранын айтудан бас тартты

ABC 6 телеарнасына берген сұхбатында АҚШ вице-президенті Майк Пенс «Black Lives Matter» деген сөзді айтудан бас тартып, барлық тіршілік иесінің өмірі маңызды екенін айтты. 

Телеарна жүргізушісі АҚШ-та Black Lives Matter («Қаралардың өмірі маңызды») ұранымен кең ауқымды қозғалыс жүріп жатқанын атап өтті, алайда Вашингтонда бұл сөзді айтқан республикалық көшбасшылар саны саусақпен санарлық, деп жазады РИА Новости.

«Мен Джордж Флойдпен болған оқиғаның қайғылы жағдай екенін айтқым келеді, әсіресе, Juneteenth күні (құлдарды азат ету күні – ред.) Біз осы елдің негізі қаланған сәттен бастап идеалды жоғары бағалайтынымызды атап өткіміз келеді. Бәріміз тең және жаратушымыздан тартып ала алмас белгілі бір құқықтармен жаратылдық, сондықтан барлық тіршілік иесінің өмірі маңызды, тура мағынада…», – деп жауап берді Пенс.

АҚШ тұрғындары мойындамайтын афроамерикалықтардың өмірінің маңыздылығын бөлек мойындау туралы қойылған сауалға вице-президент:

«Мен америкалықтар арасында әрбір адам өмірінің мәні мен маңызын жоққа шығаратын белгілі бір сегменттің бар екендігімен келіспеймін»,– деп жауап берді.

Еске сала кетейік, полицейдің қолынан қаза тапқан қара нәсілді Джоржд Флойдтың өлімінен кейін АҚШ-та басталған «Black Lives Matter» қозғалысына әлемнің түкпір-түкірінде мыңдаған адам қосылды. Ереуілшілер нәсілшілдікті жоюды, қара нәсілділерге полиция тарапынан қысастық көрсетілуін тоқтатуды талап етті.

Наразылық акцияларынан соң АҚШ Президенті Дональд Трамп полицияны реформалау туралы жарлыққа қол қойды. Бұдан былай елде полицияға кадр таңдау талаптары күшейтілмек.

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button