Ертең ҰБТ басталады: барлық санитарлық талаптар сақталады
Ертең ҰБТ басталады: барлық санитарлық талаптар сақталады
Өңірлік коммуникациялар қызметінен мәлім еткендей, ҰБТ өткізу кезінде барлық санитарлық-эпидемиологиялық талаптар сақталады. Қалалық Білім басқармасы мен Алматы қаласының Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің COVID-19 инфекциясының таралу қаупін азайтуға байланысты бірлесіп бекіткен жоспарына сәйкес, Абай атындағы ҚазҰПУ-де тест тапсырушыларға дезинфекциядан өту үшін 5 кезеңнен тұратын барлық жағдайлар жасалған: – баррикадалық шектеу ленталары орнатылды және тест тапсырушылар арасында кем дегенде 2 метр қашықтықты сақтау үшін сынаққа қатысушылар саны екі есеге азайтылды (50 пайызға). Ол үшін 15 аудитория әзірленді; – тепловизорлар; – бактерицидті лампалар және әрбір аудиторияға ауа рециркуляторы; тест тапсырушылар үшін қарапайым маскалар; – дезинфекциялау түнелі; – жедел жәрдем көлігі; – дезинфекциялық төсеніштер; – қолданылған маскаларды жою үшін жәшіктер; – санитайзерлер; – медпунктте маскалар мен салфеткалар қоры; – мемлекеттік комиссия мүшелері үшін маскалар; – барлық аудиторияда бейнебақылау камералары орнатылған. Тест өткізілетін күндері ТҚСҚБД қызметкерлері ҰБТ өткізу пункттерінің санитарлық-пидемиологиялық жағдайын бақылайтын болады.