Жаңалықтар

Елбасының сырқаты симптомсыз өтіп жатыр – Айдос Үкібай

ашық дереккөзі

Елбасының сырқаты симптомсыз өтіп жатыр – Айдос Үкібай

Елбасының баспасөз хатшысы Айдос Үкібай Нұрсұлтан Назарбаевтың денсаулығы жайлы сауалдарға жауап берді.  «Нұрсұлтан Назарбаевтың көңіл-күйі жақсы, сырқат симптомсыз өтіп жатыр. Дене қызуы қалыпты, КВИ-ге тән белгілер байқалған жоқ. Тұңғыш Президент дәрігерлердің бақылауында. Олардың айтуынша, алаңдауға еш негіз жоқ», – деді А.Үкібай. Баспасөз хатшысының айтуынша, оқшаулану талабына байланысты Елбасы қашықтан жұмыс істеп жатыр. «Бұл күндері Нұрсұлтан Әбішұлы бірқатар елдің көшбасшыларымен телефон арқылы сөйлесті. Жалпы, бейнеконференция, үкіметтік арнайы байланыс сынды заманауи коммуникация құралдары қолданылып жатыр. Қызметтік құжаттарды жеткізуде де барлық санитарлық нормалар сақталады. Азаматтардың үндеуі мен хаттарын жедел түрде электронды форматта жіберуге тырысамыз», – деді Айдос Үкібай. Сондай-ақ, ол Елбасыдан коронавирустың анықталуы туралы жаңалықтан туындаған қоғамдық резонансқа Н.Назарбаевтың реакциясы қалай болғанын айтып өтті. «Әрине, Нұрсұлтан Әбішұлы мұндай қолдау сөздерін көріп және естігеннен – сүйсінді. Бибігүл Төлегенованың видеосәлемдемесін түсіністікпен және қуана қабылдағанын айтты. Елбасы өзге мемлекет басшыларынан болсын, комбинаттардың еңбек ұжымдарынан болсын, түсіп жатқан барлық телеграммалар мен хаттарды оқиды. Нұрсұлтан Назарбаев үшін хаттардың барлығы бірдей қымбат. Адамдардың бірлігі, олардың ізгі және шын көңілден білдірген тілектері Тұңғыш Президентке күш беруде. Осы жылдар бойы Көшбасшымыз халық қолдауының арқасында ғана тәуелсіз және гүлденген мемлекет құру жолындағы кез келген қиындықтар мен ауыртпалықтарды жеңіп келді», – деді Елбасының баспасөз хатшысы Еске сала кетейік, бұған дейін Елбасының баспасөз хатшысы Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың коронавирусқа тапсырған сынамасы оң нәтиже көрсеткенін хабарлаған.