Өзбекстанда ашылған «Шайырлар саябағына» Абай мүсіні орнатылды

Өзбекстанда ашылған «Шайырлар саябағына» Абай мүсіні орнатылды

Өзбекстанда ашылған «Шайырлар саябағына» Абай мүсіні орнатылды
ашық дереккөзі
Қарақалпақстанның (Өзбекстан) Мойнақ қаласында «Шайырлар саябағы» салынды, – деп жазды ҚазАқпарат ӨзА агенттігіне сілтеме жасап. Саябақта қарақалпақ, өзбек, қазақ, түркімен және орыс халқының классик ақындары – Әжінияз, Бердақ, Күнқожа, Әлішер Науаи, Абай, Мақтымқұлы, Пушкиннің бюсі тұрғызылып, олардың жанына ақындардың таңдаулы туындысынан үзінді жазылған. «Шайырлар саябағы» жастардың рухани және мәдени танымын кеңейтуге, көрші халықтар ақындарының да өмірі мен шығармашылығына деген қызығушылығын арттыруға септігін тигізеді», – делінген хабарламада. Саябақта түрлі іс-шаралар мен өнер көрмелер де өтеді.