«Бек Эйрге» қатысты сот ісі: билет құнын қайтару үшін не істеу керек

«Бек Эйрге» қатысты сот ісі: билет құнын қайтару үшін не істеу керек

«Бек Эйрге» қатысты сот ісі: билет құнын қайтару үшін не істеу керек
ашық дереккөзі
Сауда және интеграция министрлігі тұтынушылардың құқығын қорғау комитеті «Бек Эйр» әуе компаниясына қатысты №2 сот ісін әзірлеп жатқанын хабарлады.  «ҚР Сауда және интеграция министрлігі Тұтынушылардың құқығын қорғау комитеті «Бек Эйр» АҚ тоқтатылған рейстеріне билет сатып алған тұтынушылардың өтінішін қабылдап жатыр. 17 маусымдағы сот процедурасында ТҚҚК жеңіске жетті және соңғы үш күнде тұтынушылардың құқығының бұзылғаны туралы тағы 20 шағым түсті. Комитет қазақстандық тұтынушылар құқығын толық қорғайды. Қазір комитет адвокаттары Алматы қаласының Түрксіб аудандық сотында «Бек Эйр» АҚ әуекомпаниясына қатысты екінші сот ісіне материалдар дайындауда», - деп хабарлады министрліктің баспасөз қызметі. Осыған байланысты, сотта өз мүддесін қорғау үшін тұтынушылар комитет мекенжайына тиісті өтініш жіберуі керек, оны сайттан жүктеп алуға болады. Өтініш электронды үкімет порталы арқылы қабылданады. Өтінішпен бірге төмендегі құжаттарды қоса тіркеу керек:​
  • жеке басын куәландыратын құжаттардың көшірмелері (жеке куәлік, төлқұжат, туу туралы куәлік);​
  • төлемді растайтын құжаттардың көшірмелері (фискалды түбіртек және т.б.);​- билеттің көшірмесі;​
  • өтініш берушінің банктік деректемелері туралы мәліметтер (банктен анықтама);​
  • тұтынушының осы мәселе бойынша «Бек Эйр» компаниясымен бұрын байланысқанын растайтын құжаттар (көшірмелер, скриншоттар және т.б.).