Ипотекаға «арзан үй алып беремін» деп алдаған әйел ұсталды

Ипотекаға «арзан үй алып беремін» деп алдаған әйел ұсталды

Ипотекаға «арзан үй алып беремін» деп алдаған әйел ұсталды
ашық дереккөзі
Елорданың криминалдық полиция қызметкерлері алаяқтықтың бірнеше фактісі бойынша 51 жастағы әйелді ұстады. Полиция департаментінің мәліметінше, алаяқ әйел азаматтарға төмендетілген үстемақымен банктен ипотекаға пәтер алып беретінін айтқан. Өзінің «қызметі» үшін 300 мыңнан бастап 1,5 млн теңгеге дейін ақша алып отырған. «Қазіргі уақытта оның алаяқтығы бойынша 9 факті тіркелді. ҚР ҚК-нің 190-бабымен (алаяқтық) сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Оның басқа да қылмыстарға қатысының бар-жоғы анықталып жатыр», – деді департаменттен. Қаланың тәртіп сақшылары осындай қылмыстан зардап шеккен адамдар болса Бейбітшілік, 19 мекенжайындағы Полиция департаментіне жүгінуді немесе 8 (7172) 71-60-87, 20-22-96, 8-775-000-14-06, «102» нөміріне хабарласуды сұрайды.