Франциядағы қазақ бишісі: Еуропалықтарға бай тарихымызды би арқылы насихаттап жүрмін

Атыраулық Дана Мұса есімді қандасымыз қазір Франция астанасы Парижде көшпелі өркениетке қатысы бар балет түрін насихаттап жүр. Еуропаның талғампаз көрермендері үшін Дананың дара өнері әлі де таңсық. Түркіге ортақ тарихтағы қайраткер, батыр әйелдердің образын би арқылы көрермен назарына ұсынып жүрген қандасымызбен сұхбаттасып, өнер жайлы ой-пікірін білген едік.

 – Дана, сізді әмбебап маман де­сек, қателеспеспіз. Режиссер, ба­лерина, хореограф, модель, пе­дагог… Тізе берсек, тіпті қолыңыз­дан келмейтін іс жоқ секілді. Десе де, жаныңызға жақыны қайсы?  

– Жалпы, мен бала кезімнен биге қатты әуес болдым. Үйде, далада өзімше концерт қойып билейтінмін. Тіпті, тойда билеп, ақ­ша жинап алатынмын. Сосын би үйір­мелерінің табалдырығын тоздырдым. Ба­летке сол бала күннен басталған әуестік ақы­рында мамандығыма айналып, күні бүгін­ге дейін ынтықтырып келе жатыр. Сол се­бепті бірінші ретте мені балерина деп атаған дұрыс шығар.

– Би өнеріне ден қойған сізді Атыраудан арман қуып Алматыға келгенде хореографиялық учи­лище секілді оқу орнында оқыған бо­лар деп ойлап өмірбаяныңызды оқы­сам, Т.Жүргенов атындағы өнер академиясында киноре­жиссер мамандығы бойынша білім алыпсыз. Қазіргі ұстанған ба­ғытыңызды бағамдай отыра,  би мен режиссураны біріктіру идея­сын студент кезіңізде-ақ ойлас­ты­рып қойғанға ұқсайсыз?

– Дұрыс айтасыз. Биден бөлек, кино, видео, фото секілді визуалды құралдарға қатты қызығатынмын. Сосын қалың көпшілікке биді тек сахна арқылы емес, сонымен қатар кино, бейнебаян және сурет арқылы жеткізуді көздедім. Мұнымен қоса, камерадан тыс істелінетін жұмыстың барлығы да маған қызық. Десек те, бар ойым биде болды. Алматыға келгенде бірден «Салтанат» би ансамбліне жұмысқа кірдім. Сосын Т.Жүргенов атындағы өнер академиясына кинорежиссура бөліміне оқуға түстім. Мұны оқи жүріп, жеке мектепте заманауи балеттің қыр-сырын үйрендім, бұған қоса, А.Селезнев атындағы Алматы Хореографиялық училищесінде қосымша курстар алып жүрдім. Акаде­мияны бітірген соң, магистратура бойынша Париж, Лондон, Нью-Йорк, Лос-Анджелес қалаларындағы оқу орындарына құжат тапсырдым, нәтижесінде төртеуінен де оқуға қабылдайтынын растайтын ұсыныс келді. Сөйтіп, Парижді таңдап, жиырма бір жасымда осы елге аяқ бастым. Бұл оқуым­нан бөлек, классикалық балеттен би мек­тебінде білім алып, сонымен қатар, ма­гистратура бойынша Сорбоннада екі жыл би факультетінде оқыдым.

Франциядағы қазақ бишісі: Еуропалықтарға бай тарихымызды би арқылы насихаттап жүрмін

– 2013 жылы «Этнобалет» қауым­­дастығын құру идеясы қай­дан туындады?

–Сорбоннадағы оқуымды бітірген соң, екі-үш жобаға қатысып, тәжірибе жи­на­дым. Өзім хореограф болған соң, өзімді же­тілдіруге тырыстым, ешкімге тәуелді бол­майын деп шештім. Сөйтіп, қауым­дастық пен жеке мектебімді аштым. Мұны ашқан себебім – этнобалетті шетелдік көрерменге көрсету болатын. Балеттің басқа түріне қызығатындарға бұл жат нәрсе. Мені түсінбейді. Ал менің айтатын сөзім, көрсететін биім бар, сол себепті өз бетіммен ептеп осы істі қолға ала баста­дым. Бірден барлығы іске асып кетті дей ал­маймын, бастапқыда бір спектакль қойып, санаулы адамды биге баулып жүр­дім. Қазіргі таңда бұл ісім оңға басып, ой­лағанымнан асып түсіп, барлығы жақсы өрбуде.

– Түсінуімше, сіз насихаттап жүр­ген балет түрі көшпенділердің ру­хани мәдениетіне қатысы бар жеті әйелдің образына негіз­дел­ген. Жалпы, бұл кейіпкерлерді ба­летке кіріктіруге не түрткі болды?

– Иә, мен шұғылданып жүрген балет түрі­нің ішінде жеті әйелдің архитипі бар, атап айтсам: «Аңшы», «Амазонка», «Бақсы», «Ша­бандоз», «Пір», «Патшайым» және «Құ­дай ана». Әрқайсысы бойынша бірнеше спек­такль бар. Мұның барлығына қы­зы­ғуыма бала күнімнен тарихты білуге деген қы­зығушылығым себеп болды. Маған Орта Азия халқының, рулардың тарихы өте қызық. Сосын Болат Жандарбековтің «Сақ­тар» атты романын оқыған кезде көзім ашы­лып, көкірегім оянды. Бізде пат­риар­хаттық қоғам болды ғой, ал екі мың жыл бұрын бізде бақсы, жауынгер, патшайым әйелдер бар болғанын оқығанымда мұны бірден сахнаға алып шыққым келді. Та­рихымызда мықты әйелдер болғандықтан, неге мұны би арқылы көрсетпеске деп ойладым. Негізі, біздің көшпелілер мәде­ниеті өте керемет. Бұл спектакльдерден «біз кімбіз, тегіміз кім?» деген сұраққа жауап ала аласыз. Бір күні орыстарға, ке­лесі күні америкалықтарға, енді қазір арабтарға көп еліктейміз. Әркімге еліктей бермей, түптеп келгенде біздің қайдан шыққанымызды білуіміз керек. Біз аспан мен жердің ортасында көшпенді өмір салтын ұстанған халықпыз. Далада еркін өскен әйел де, еркек те ары мен беделін жоғары қояды. Мұның барлығын көрсеткім келеді.

– Классикалық балет пен за­манауи балетке ерекше ден қоя­тын Париждің өнер сүйер қауы­мын этнобалет секілді тың бағыт­қа иландыру қиынға соқпады ма?

– Жалпы, Париж тұрғындары өте ашық, не билегісі келеді, соны билейді. Француздар негізінен өнерге қатты қы­зығушы халық. Мен ұстанған бағытқа қызықпау мүмкін емес, себебі менікі жаңа нәрсе, тың өнер. Еуропа халқы мұны әлі көрмеген. Қазір классикалық және зама­науи балетпен ешкімді таңғалдыра да ал­май­сыз. Әлбетте, қиындығы да бар. Этнобалет тым танымал болмаған соң, та­машалауға көп келе бермейді, ал кел­гендері тамсанып, алғысын жаудырып кетеді. Алғаш бастаушы болған соң, маған қиын­ға түсетіні анық. Себебі бұл өнер көрер­менді мойындатуды талап етеді. Кейін менен тәлім алған шәкірттерім, менен кейінгі ұрпақ этнобалетті жал­ғастыратын болса, оларға оңайырақ бола­ды деп ойлаймын. Әзірше оңайға соғып жат­қан жоқ. Көбісі күмәнмен қарайды, бір­де-бір спектакльді көрмей жатып, сен­бейді. Әр спектакльдің тарихын білмейді. Сосын көпшілігі африкалық мәдениетпен шатастырады. Францияның отарлығында болғандықтан, этно десе жергілікті жұрт бірден африкалық елдер, соның ішінде Алжирге қатысы бар би деп ұғынса керек. Сосын отырып алып, егжей-тегжейлі түсіндіремін. Десек те, би үйренуге келген ш­ә­кірттеріме әр бидің тарихын ұғын­дыруға тырысамын. Мәселен, өткенде «Бал­бал» атты спектакльдің атауын түсіндірдім. Негізінен, бұл тастың атауы, әрі бұл тарихта болған нәрсе. Кезінде ата-бабаларымыз тастан күш жинап, бұған үлкен маңызбен қараған. Бұл турасында әр қилы түсінік бар, аңыз көп. Десек те, мұның негізгісін түсіндіріп, мағынасын жеткізгенімде олар бұған қатты қызығады.

– Маңғыстауда түсірген ки­ноңыз Қазақстанда көрсетілмесе де, түрлі фестивальдерге қатысып жүргенін білеміз. Жуырда әлеу­меттік желідегі парақшаңызда бұл фильмнің Нью-Йорктегі онлайн түрде өтуге мәжбүр фестивальге ірік­теуден өткенін сүйіншілеп жаз­дыңыз. Бізге бейтаныс осы туын­дыңыз туралы айта отыр­саңыз.

– Ол киноны түсіруге үш жыл бойы дайындалдым, үлкен армандарымның бірі болды. Сол кезде өзіммен бірге шетелдік достарымды ерте келіп, елді, жерді көр­сетіп, бір мақтанғаным бар. Олар «Қандай керемет жер, мұндай жер бар екенін білмеппіз» деп тамсанып қайтты. Жалпы, шетелдіктер, көшпелі мәдениетке қатты қызығады, тіпті киіз үйдің өзі оларды таңғалдырады. Сол кезде түсірген «Киелі би» атты киномызды былтыр Парижде тұсауын кесіп, артынша түрлі фестиваль­дерге жібере бастадық. Нәтижесінде, Мадридте өткен арт-кино фестивалінің финалисі атандық. Сосын Short Film Corner атты Канн фестиваліне іріктеуден өттік. Алайда қазіргі таңда әлемді жайлаған пандемияға байланысты, бұл шара келесі жылға шегерілді. Ал Нью-Йоркте өтетін әлемдегі ең ірі әрі ең көне Dance on Caméra фестиваліне жолдама алғанымызды кеше естіп, төбем көкке жеткендей болды. Себебі бұл – мұндай фестивальге ұсынылып тұр­ған тұңғыш қазақстандық туынды. Бұл – мен үшін басты жетістік. Себебі менің биім­нен бөлек, менің кином арқылы күллі әлем біздің мәдениетпен етене таныса ала­ды. Егер олар осы туындыны іріктеп алса, демек олардың біздің мәдениетке деген қы­зығушылығы бар деген сөз.

Франциядағы қазақ бишісі: Еуропалықтарға бай тарихымызды би арқылы насихаттап жүрмін

– Сөз арасында Қазақстанға тек кино түсіру немесе туысқан­да­рыңызды көріп, дидарласу мақ­сатында ғана келетініңізді түсін­дім. Десек те, әлем тамашалап жүр­ген спектакльдеріңізді Қазақ­станға келіп, бірде-бір рет сахна­ламапсыз. Бұл қалай болғаны?

– Иә, осы он жыл ішінде ел жақтан ешкімнен ұсыныс түспеді, негізі өздері қызығушылық танытпаған соң, өзім де қолдау сұрамаппын. Былтыр осында гастрольмен келген Астана опера және балет театры жетекшісінің қасына барып, бір-екі минут әңгімеге тартқанмын. Ол кісі: «Сіз де балетпен айналысасыз ба?» деумен шектеліп, ақырында қолыма визит карточкасын ұстатты. Жалпы, өзімді Қазақстанда кеңінен таныту үшін Қазақстанның ірі телеарналарына немесе Youtube желісіндегі қазақтілді арналардың бірінде сұхбат берсем немесе бәлкім сіздің басылымыңыз арқылы да мені танып қалар, өнерімді керек етер деген үміттемін. Негізі елден сұраныс түсе қалған жағдайда, ішімде «пісіріп, қорытып» жүрген бірнеше жобам бар. Мұнымен қатар, репертуарымдағы бүкіл спектакльді көрсетсем деймін. Алматы, Нұр-Сұлтан және басқа ірі қалаларда хореограф ретінде жаңа спектакль қойғым келеді. Сосын Алматы мен Нұр-Сұлтаннан басқа қалаларда балетке кәсіби тұрғыда баулитын үйірме жоқ. Бұл өте өкінішті жайт. Себебі биге әуес қыз баланың мамандық таңдау құқығы шектеулі. Өзіңіз білесіз, көпшілігі алыс аймақтан Алматыға келе алмайды. Сол себепті алдағы уақытта өңірлерде кәсіби мектеп ашуға үлесімді қоссам деймін. Мұнда классикалық және этнобалетті ғана үйретіп қоймай, қыздарға дене мәдениетін, еркіндікті сезінуді үйретуді көздеймін. Айналып келгенде мұның барлығы қаржылай қолдауға келіп тіреледі. Жалпы, Францияда атқарып жатқан жұмысымның барлығын өзім істеймін, ешбір қолдаушым да, демеушім де жоқ. Десек те, бұл біздің елге бөтен емес өнер, өзіміздің кәдімгі көш­пелі мәдениетіміздің көрінісі. Мұны қолдау керек деп ойлаймын. Алдағы уақытта Қа­зақстан тарапынан мені қолдап жатса, қуанар едім.

– Елшілік ұйымдастыратын шараларға қатысып жүрген бо­ларсыз. Сол уақытта олардың кө­мегіне жүгініп, елге барып спек­такль қою туралы ұсыныс айтпа­дыңыз ба?

– Елшілік ұйымдастырған іс-шараларда бірнеше рет билегенім бар. Десек те, олар маған үлкен жобаға атсалысу туралы ұсыныс айта қоймады. Олар негізінен дәс­түрлі өнерді дәріптеуге баса мән береді. Жақында Екінші дүниежүзілік соғыс туралы жаңа спектакліме қаражат сұра­ғанмын. Алайда пандемияға байланысты бұл шаруа шешілмей қалды. Негізі мен он жылда бірінші рет олардан өз тарихымызға қатысы бар туындыны іске асыруға көмек сұрадым. Десек те, келер жылы көмектесер деген үміттемін. Сөз соңында оқырман­дарыңызға маңызды бір нәрсе айтып кетсем бола ма?!

– Иә, айтыңыз.

– Жалпы, адамның дене тұрқы  өте маңыз­ды. Діни ортада әйелдің денесін барынша бүркемелеп ұстауды уағыздайды. Сонымен қатар дінде би жоқ деген кереғар пікір бар.  Ал би тек мәдениеті жоғары елде қалыптасатын өнер түрі. Би – зайырлылық құралы, еркіндік белгісі. Ал зайырлылық Ата заңның бірінші бетінде жазылғандай, Тәуелсіздіктен кейінгі екінші құндылы­ғымыз. Осыдан-ақ би өнері қоғамның қалыптасуына орасан септігін тигізетінін ойлай беріңіз. Көпшілігі мұны дұрыс түсінбей жатады, десек те бұған үстірт қарамай, би өнерінің де әлеуеті мықты екенін біле жүрген жөн. Алдағы уақытта спектакльдерім мен киноларым Қазақ­станда көрсетілетін болса, бидің киесі, маңызын бірден байқайтын боласыздар деп үміттенемін.

 

 Әңгімелескен

 Әлия ТІЛЕУЖАНҚЫЗЫ

Редакция таңдауы

Жаңатастағы өрттің себептері анықталды

Алдын ала мәліметтер бойынша, Жаңатастағы тұрғын үйдегі (пәтердегі) өрт оқиғасы тез тұтанғыш материалдың бетіне ашық от көзінің түсуі салдарынан туындаған. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінің...

Жаңатастағы өрт: зардап шеккен отбасыға жан-жақты көмек көрсетіледі

Жамбыл облысы Сарысу ауданы Жаңатас қаласындағы 2 ықшамаудандағы 5 қабатты тұрғын үйдің 3-ші қабатында өрт болып, 16 шаршы метр аумақты шарпыды (киімдер мен жиһаз...

Сөз құдіреті

Қайдан оқығаным есімде жоқ, бірақ мына бір ойлы әңгіме көп жылдан бері жадымда сақталып қалып­ты. Аласапыран, қантөгіс, қырғын  соғыс жүріп жатқан кезде неміс фашизмінің...

«Тілді бұзып емлеге ыңғайлау емес, емлені тілге ыңғайлау керек»

Филология ғылымдарының кандидаты, Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының директоры Анар Фазыл­жа­нова латын таңбасына негізделген жаңа қазақ әліпбиі жайындағы бірер сайтқа сұхбат берген екен. Рас,...
Жаңатастағы

Жаңатастағы өрттің себептері анықталды

Алдын ала мәліметтер бойынша, Жаңатастағы тұрғын үйдегі (пәтердегі) өрт оқиғасы тез тұтанғыш...
өрт

Жаңатастағы өрт: зардап шеккен отбасыға жан-жақты көмек көрсетіледі

Жамбыл облысы Сарысу ауданы Жаңатас қаласындағы 2 ықшамаудандағы 5 қабатты тұрғын үйдің...
s z d ret

Сөз құдіреті

Қайдан оқығаным есімде жоқ, бірақ мына бір ойлы әңгіме көп жылдан бері...

Жаңалықтар

Алматыда 16 мыңнан астам студентке арналған бірнеше жатақхана салынады

Алматы қаласы әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаров жоғары оқу орындары басшылығымен жатақхана құрылысы мәселесі жөнінде кеңес өткізді. Жиында «Елбасының бес әлеуметтік бастамасы» аясында жатақхана құрылысының барысы...

Атырауда Қайтпай сұлтан мешітінің іргетасы қаланды

Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов пен Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Атырау қаласының іргесіндегі Еркінқала ауылында атақты Қайтпай сұлтан мешітінің іргетасын қалады,- деп хабарлайды...

«Менің пірім- Сүйінбай» халықаралық жас ақындар айтысы

Абай атындағы ҚҰПУ-інде Жыр алыбы Жамбыл Жабаевтың 175 жылдығына арналған «Менің пірім-Сүйінбай» халықаралық жас ақындар айтысының ақтық кезеңі 19 ақпанда өтті. Ақтық кезеңге 12...

Жаңаөзендегі балабақша 22 миллиард теңгеге азық-түлік сатып алмақ болған

Мемлекеттік сатып алулар сайтында ерекше лот  -  Жаңаөзендегі балабақша 22 миллиард теңгеге азық-түлік сатып алмақ болған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz. Балабақша 22,3 миллиард теңгеден астам...

БЖЗҚ еліміздегі ең жоғары зейнетақы қанша теңге екенін айтты

Еліміздегі ең жоғары зейнетақы 522 610 теңгеге жетті, деп хабарлайды БЖЗҚ баспасөз қызметі. Қордың мәліметінше, 2021 жылғы 1 ақпандағы көрсеткіш бойынша БЖЗҚ 167 423 алушыға...

Ертісбаев Путиннің беделін көтеретін факторды атады (видео)

«Спутник V» вакцинасы бүкіл әлемде мойындалса, бұл жетістік Ресей үшін алғашқы Жер серігі ғарышқа жіберілген сәттегі КСРО-ның даңқымен пара-пар болуы мүмкін. Мұндай пікірді Yertysbayev...

ҚР Мәдениет және спорт министрлігі аппаратына жаңа басшы тағайындалды

ҚР мәдениет және спорт министрінің бұйрығымен Ернат Архатұлы Мұхамадиев ҚР МСМ аппаратының басшысы қызметіне тағайындалды. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрінің баспасөз қызметі хабарлайды. Ернат Мұхамадиев...

Елорданың ірі мәдени ошақтары пандемия салдарынан қанша шығынға батқаны белгілі болды

«Astana Venue Management» ЖШС-ның бас директоры Мәлік Хасенов елордадағы мәдени нысандардың 2020 жылғы шығыстарына қатысты нақты деректермен бөлісті. «Егер әр нысанға қатысты нақты айтар болсақ,...

Қарызын қайтармаған досына оқ атқан павлодарлық 8 жылын түрмеде өткізеді

Сот үкімі Павлодар облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында жарияланды деп хабарлайды Pavlodarnews.kz. Іс алқабилердің қатысуымен қаралды. Сот 28 жастағы павлодарлықты қылмысқа дайындалғаны және кісі...

Ертісбаев Ұлттық кеңес туралы заңға екіұдай пікір білдірді (видео)

 Белгілі саясаткер Ермұхамет Ертісбаев Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі туралы заң қабылдау жайлы ұсынысқа қатысты пікір білдірді. Бұл туралы ол өзінің Yertysbayev Live  атты Youtube-арнасында...

«Абай» мәдени-іскерлік үйінің атқарар міндеті мол

Бүгінде жер-жаһанның 43 елінде тұратын этникалық қазақтардың қарасы 7 миллионға жетіп жығылады, алайда, ақпарат көздерінен белгілі болғандай, шекараның арғы шебіндегі отандастар саны 5 миллион...

Әлемді мойындатқан актерге адам зорлады деген айып тағылды

Есімі әлемге белгілі француз актері Жерар Депардьеге адам зорлау және сексуалдық зомбылық бойынша айып тағылды. Бұл туралы Риа Новости France-Presse (AFP) агенттігіне сілтеме жасап...

Қазақстандықтар министрлерге қандай мәселемен келеді?

Nur Otan-ның Республикалық қоғамдық қабылдау бөлмесінде азаматтардың министрлермен және мемлекеттік органдардың басшыларымен онлайн-кездесулері жалғасуда. Қазақстандықтардың министрлерге қандай мәселелермен келетіні туралы партия Орталық аппаратының баспасөз...

1 наурыздан бастап Қазақстанда карантин жеңілдейді

Биылғы жылдың 1 наурызынан бастап Қазақстанда карантин талаптары жеңілдейді. Жағымды жаңалықты Facebook парақшасы арқылы Атамекен ҰКП төрағасының орынбасары Юлия Якупбаева хабарлады. «Сүйінші жаңалық! Ведомствоаралық комиссияның...

БҚО-да 24 елді мекен жарықсыз қалды

Батыс Қазақстан облысында 24 елді мекен электр жарығынсыз қалды. БҚО Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, сегіз ауданда барлығы 3112 абонент жарықсыз қалды. Атап...

ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің аппарат басшысы тағайындалды

ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрінің бұйрығымен Серік Рахметоллаұлы Егізбаев ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің аппарат басшысы лауазымына тағайындалды. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрінің...

Жол апатына кінәлі әйел полициядан қашамын деп мерт болды

Ресейдің Благовещенск қаласында жол-көлік оқиғасын жасап, із суытпақ болған әйел жол апатына түсіп мерт болды. Тағы екі адам жарақат алған, деп хабарлайды РИА Новости....

Экология министрлігі «АрселорМиттал Теміртау» компаниясына қатаң талаптар қойды

Экология министрлігі "АрселорМиттал Теміртауға" Теміртауда 500 мың ағаш отырғызуды міндеттеді. Бұл туралы ҚР экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі ұйымдастырған брифинг барысында хабарланды. Министрліктің...

Алматыда қандай кәсіп иелері тапшы екені белгілі болды

Алматы қаласының Жұмыспен қамту орталығының директоры Диляра Иманқұлова онлайн брифинг барысында мегаполисте қандай мамандық иелері тапшы екенін айтты. Оның айтуынша, денсаулық сақтау саласында мамандар тапшылығы...

«Қытаймен бәсекені күшейтеміз»: АҚШ пен Канада күш біріктірді

АҚШ пен Канада Қытайға қарсы тұру үшін күш біріктірді.  Бұл туралы АҚШ президенті Джо Байден Канаданың премьер-министрі Джастин Трюдомен өткізген бейнеконференциядан кейін мәлімдеді, деп...

Алматы мәйітханасының директоры ірі көлемде пара алған деп айыпталды

Алматы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметі Қалалық паталогоанатомиялық бюросының директоры Б.Әлібековке қатысты тергеу ісін аяқтады. Ол 2020 жылы мемлекеттік сатып алу бойынша қол қойылған...

Шымкентте тойханаларды мектепке айналдыру ұсынылды

Шымкенттегі банкет залдары иелеріне жергілікті билік мектеп немесе кафе ретінде жұмыс істеуді ұсынды. Коронавирус пандемиясына байланысты көптеген ойын-сауық кешендері бір жылға жуық жұмыс істемейді. "Атамекен"...

Қазақстан нарығына екі жаңа автокөлік бренді шығарылмақ

Astana Group холдинг компаниясының негізін қалаушы және президенті Нұрлан Смағұлов екі жаңа автомобиль бренді биыл ел нарығына шығарылатынын мәлімдеді. Олар - Haval және Genesis...

Зейнет жасы: Әлеуметтік кодекс тұжырымдамасы әзірленуде

Премьер-Министр Асқар Маминнің мәжіліс депутаттарының сауалына берген жауабында елімізде Әлеуметтік кодекс тұжырымдамасының жобасы әзірленіп жатқаны туралы айтылды. Қазіргі уақытта зейнетақымен қамсыздандырудың барлық үш деңгейі (ынтымақты, базалық...

Мәжілісте қатесіз жазуға қатысты құжат мақұлданды

Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне көрнекі ақпарат мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы бірінші оқылымда мақұлданды. Бұл...

Төменгі жалақы мөлшерін арттыру мақсатында Жол картасы әзірленеді – Үкімет басшысы

Премьер-Министр Асқар Маминнің мәжіліс депутаттарының сауалына берген жауабында елімізде жалақының төменгі мөлшерін арттыру мақсатында арнайы Жол картасы әзірленетіні айтылды. «Ең төмен әлеуметтік стандарттар және олардың...

6,6 млрд теңге: Орал әуежайының ғимараты жаңартылмақ

БҚО құрылыс басқармасының басшысы Әлібек Антазиевтің айтуынша, «ҚПО б.в.» компаниясы арқылы әлеуметтік инвестициялар жобасы аясында құрылыс-монтаж жұмысы басталды. Жоба бойынша терминал алаңы 4 мыңнан 10...

ШҚО-да жасанды жолмен қар көшкіні түсірілді

ШҚО Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, соңғы күндері өңірде күн жылып, жиі қар жауып тұр. Жел жылдамдығы да артқан. Таулы аймақтарда көшкін жүру ықтималдығы жоғарылады....

210 мыңға жуықтады: коронавирус жұқтырғандар саны азаймай тұр

Қазақстанда өткен тәулікте 753 адамның коронавирус жұқтырғаны белгілі болды, – деп хабарлады coronavirus2020.kz. Аймақтар бойынша: Нұр-Сұлтан қаласы - 68, Алматы қаласы - 93, Шымкент қаласы...

Мас күйінде көлік тізгіндеген азаматтың бас бостандығы шектелді

Өскемен қаласында алкагольді ішімдік ішіп  алып көлік тізгіндеген ер адам жазаға тартылды. ШҚО бойынша ҚАЖ департаментінің мәліметіне сүйенсек, былтыр көктемде ер адам әкімшілік жауапкершілікке...

Қасым-Жомарт Тоқаев Президент Телерадиокешенінің жаңа аппараттық-студия кешенін аралады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасы Президенті Телерадиокешенінің жаңа аппараттық-студия кешенін аралап көрді, – деп жазды Берік Уәли Facebook-тегі парақшасында. «Биыл Қазақстан Республикасы Президентінің Телерадиокешеніне...

Елімізде боран соғып, қар жауады – Қазгидромет

Сәрсенбі күні елімізде жел күшейіп, боран соғады, солтүстікте қалың қар жауып, оңтүстік өңірлерде тұман түсіп, көктайғақ болуы мүмкін, – деп хабарлады Қазгидромет. 24 ақпанда Қазақстан...

Oppo компаниясы ауа арқылы сымсыз қуаттау технологиясын ұсынды (видео)

OPPO компаниясы көпшілікті Oppo X 2021 құрылғыларын сымсыз қуаттаудың жаңа жүйесімен таныстырды, - деп хабарлайды EVO-RUS.COM. https://youtu.be/xALQxs1bJM0 Wireless Air Charging технологиясын Қытайлықтар MWC 2021 Shanghai көрмесінде...

Google қазақ тіліндегі аудиожазбаларды аудара бастады

Google Translate сервисі енді қазақ тіліндегі аудиожазбаларды аудара бастады, деп хабарлайды АА "NewTimes.kz". Бұл жаңарту 22 ақпанда пайда болды – 6.17.0. Айта кету керек, аудиоаударма тек...

АҚШ-та салынғанына 139 жыл болған үй алып тіркемемен жаңа орынға көшірілді (видео)

Калифорния штатындағы Сан-Франциско қаласының тұрғыны Тим Браун 139 жыл бұрын іргетасы қаланған өз үйін жаңа мекен-жайға көшірді. https://www.youtube.com/watch?v=u8l6eBUK-rM 1882 жылы салынған үй үлкен тіркемеге салынып, жүк...

«Алтын Орда» тарихына арналған киножобаға дайындық басталды

Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы Алтын Орда тарихына арналған ірі киножобаның тұжырымдамасын әзірлеуге кірісті. Осы мақсатта кино орталығының жанынан жұмыс тобы құрылған, ол ел...

Қандасымыз Риза Әлімжанқызы – Қытай киноиндустриясының жұлдызы

Қытайдың kazakcnr.com сайтында талантымен танылған қандасымыз, белгілі актриса Риза Әлімжанқызы туралы мақала жарық көрді. Аталған мақаладағы деректерге сүйенсек, Қытайда өнерімен көрермен көзайымына айналған Риза...

Елбасы Ақан Сатаевты қабылдады

Елбасы Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» акционерлік қоғамының президенті Ақан Сатаевты қабылдады, – деп хабарлайды elbasy.kz. Кездесуде Нұрсұлтан Назарбаев тәуелсіздік алғаннан бері мемлекет әрдайым өнер саласының...

«Nur Otan» партиясының жол картасы: «Баспанамен қамту – басты назарда»

«Nur Otan» партиясы Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларына арналған Жол карталарын бекітті. «Nur Otan» партиясы сайлаудан кейінгі бір ай уақыт ішінде өзінің 216 сайлауалды бағдарламасын...

Президент Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшелерін қабылдады

Мемлекет басшысы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшелері Рахым Ошақбаевпен және Қанат Сахарияновпен кездесті, – деп жазды Ақорда. «Талап» қолданбалы зерттеулер орталығының директоры Рахым Ошақбаев Президентке...

Мемлекет басшысы Каспий теңізіндегі қызметке қатысты заңға қол қойды

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Каспий теңізінде қызметті жүзеге асыруға байланысты мәселелер бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының...

Қарағанды фармацевтика кешені «Спутник V» вакцинасының өнеркәсіптік партиясын шығарды

Премьер-Министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов пен ҚР денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Қарағанды фармацевтика кешені (ҚФК) базасында «Гам-КОВИД-Гак» («Спутник–V») вакцинасының өнеркәсіптік өндірісі барысын және вакцинаның...

Білім саласының бір орында тоқтап қалған кезі жоқ

Аягүл МИРАЗОВА, Қазақстан педагогика ғылымдары академиясының академигі, Қазақстанның Еңбек Ері: – Тәуелсіздік алған жылдары жалпы халықтың жағдайы жақсы болды, мына саланың дамуына ерекше жағдай жасалды...

Президенттің құжаттарды цифрландыру процесіне қатысты тапсырмасы орындалды – Берік Уәли

ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook парақшасында мемлекеттік органдар тарапынан берілетін құжаттарды цифрландыру процесі қалай жүргізіліп жатқаны туралы жазды. ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев былтыр...

Қазақстандықтардың зейнетақы жинағы 13 трлн теңгеден асты

2021 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша Қазақстан салымшыларының зейнетақы жинағының сомасы 13,1 триллион теңге болды. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры салымшыларының шотында 13,1 триллион теңге зейнетақы...

Коронавирусқа қарсы екпе салдырған 73 жастағы хирург вакцинаның әсері туралы айтты

Атырауда 73 жастағы хирург Марат Есжанов коронавирусқа қарсы вакцина салдырды. Оның айтуынша, вакцинаның жанама әсері жоқ. «1 ақпанда әріптестеріммен бірге коронавирусқа қарсы вакцинаның бірінші кезеңін алдым....

Елімізде жекеменшік университетте білім алушылардың саны көбейді

Білім және ғылым министрлігі 2016-2020 жылдар аралығында жеке меншік университетте білім алушылардың саны 53,8% өскенін мәлімдеді.  «Қазіргі уақытта елімізде жалпы 127 жоғары оқу орны бар,...

Су тасқанына қарсы 45 пойыз жасақталып жатыр – министр

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов елімізде су тасқанына қарсы 45 пойыз жасақталып жатқанын айтты. «Поездардың үздіксіз және қауіпсіз қозғалысын қамтамасыз ету, жолдарды,...

«Nur Otan» партиясы сайлауалды міндеттемені іске асырудың қадамдық жоспарын бекітті

«Nur Otan» партиясы Орталық және Шығыс Қазақстанға арналған сайлауалды міндеттемелерді іске асырудың қадамдық жоспарын бекітті. Партия 216 сайлауалды бағдарламаны іске асыру бойынша әр жылға нақты...

Асқар Мамин әкімдерге тапсырма берді

Үкімет отырысында Премьер-Министр Асқар Мамин өңір әкімдері су қоймалары толуына үнемі бақылау жасап отыруы тиіс екенін айтты. «Су тасқынының алдын алу үшін жүйелі шаралар қабылдау...

«Шектеулер қажет емес»: ДДСҰ пандемиямен күрес қашан аяқталатынын хабарлады

Данияның DR телеарнасына берген сұхбатында Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Еуропалық аймақтық бюросының басшысы Ханс Клюге коронавирус пандемиясы 2022 жылы аяқталатынын мәлімдеді, деп хабарлайды aa.com.tr.  Ұйым...

COVID-19: Бес өңір «сары» аймақта тұр

23 ақпандағы жағдай бойынша, Қазақстан өңірлеріндегі коронавирусқа қатысты эпидахуалды бағалау матрицасы жарияланды. Оған сәйкес, «сары» аймақта: Нұр-Сұлтан қаласы, Ақмола, Батыс Қазақстан, Қостанай және Павлодар облыстары...

Алматы әкімі АТУ студенттеріне арналған 9 қабатты жатақхана құрылысын тоқтатты

Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев тұрғындардың шағымынан кейін тоғыз қабатты жатақхананың құрылысын тоқтату туралы шешім қабылдады. Әуезов ауданындағы «Алтын бесік» ықшамауданының тұрғындары 17 ақпанда өткен Алматы...

АҚШ туы төмен түсірілді: Америкалықтар 5 күн аза тұтады

АҚШ-та коронавирустан көз жұмғандарды еске алу мақсатында 5 күн аза тұту жарияланды. Елдің федералды және әскери нысандарында мемлекеттік ту төмен түсірілетін болады, деп хабарлайды...

Адамдар көп жиналатын орындарда бірден екі маска тағу міндеттелді

Чехия билігінің жарлығына сәйкес, республика тұрғындары 25 ақпаннан бастап адамдар көп жиналатын жерлерде бірден екі маска киюге міндеттелді. Бұл туралы Ceske noviny хабарлады.  Елдің денсаулық...

Жаңа қаулы: ШҚО-да 4 санитарлық бекет қойылады

Шығыс Қазақстан облысының бас мемлекеттік санитар дәрігері міндетін атқарушы Хамит Илюбаевтың 2021 жылғы 19 ақпандағы №4 қаулысына өзгерістер енгізу туралы 2021 жылғы 22 ақпандағы...

Зейнетақы жинағы: Қанша отбасы баспана алғаны белгілі болды

Зейнетақы жинағын алған 28 мың қазақстандық қарыздарын өтеп, пәтер сатып алған. Бұл туралы Отбасы банкі хабарлады. Достар, enpf-otbasy.kz онлайн  платформасы іске қосылғалы бері 28 мыңнан астам қазақстандық ипотека...

Путин мен Лукашенко табиғат аясында демалып, шаңғы тепті

Ресей президенті Владимир Путин мен Беларусь басшысы Александр Лукашенко Красная Полянадағы келіссөздерден кейін табиғат аясында демалып, шаңғы тепті. Президенттердің демалу сәтінен түсірілген суреттер Кремльдің...

СҚО-да әйелінің көңілдесін өлтірген ер адам 9 жылға сотталды

Солтүстік Қазақстан облысындағы ЕС-164/3 мекемесінде жазасын өтеп жатқан ер адам әйелінің көңілдесін өлтіргеніне өкінеді. Қызғанышқа салынып, адам қанын мойнына жүктеген оған 9 жылға жаза...

Жамбыл облысында 200-ге жуық ата-ана жауапкершілікке тартылды

Жамбылдық полицейлер жасөспірімдер арасында профилактикалық рейдтер өткізді. Бір апта ішінде ювеналды полиция қызметкерлері 74 рейд жүргіздіп, оның барысында ішкі істер органдарына 131 кәмелетке толмаған жасөспірім...

Бертран Расселдің «Батыс философиясының тарихы» қазақ тілінде «сөйледі»

Мемлекетіміздің қазақстандық жастардың жоғары ғылыми стандарттарға сәйкес сапалы білім алуын қамтамасыз ету және бұл мәселеде тың көзқарастар қалыптастыру, осы істе халықаралық тәжірибеге сүйену мақсатына...

Отандық «18 килогерц» фильмі прокатқа шықты

Режиссер Фархат Шарипов түсірген «18 килогерц» фильмі 18-ші ақпаннан бастап Қазақстан бойынша прокатқа шықты. «18 килогерц» - бұл 90-шы жылдардың соңындағы жасөспрімдердің өмірінен сыр шертетін...

Жаңатастағы өрт салдарынан жапа шеккен отбасыға пәтер берілді

Жаңатастағы өрт салдарынан қайтыс болған балалардың ата-анасына демеушілер есебінен Жаңатас қаласынан 3 бөлмелі пәтер берілді, ал Сарысу ауданының кәсіпкерлері баспанаға қажетті жиһаз бен техника...

ҰҚК Шекара қызметі браконьерлік жүкті қолға түсірді

2021 жылдың 20 ақпанында Батыс қазақстан облысы бойынша ҰҚК Шекара қызметі департаментінің әскери қызметшілері БҚО бойынша Экономикалық қылмыстарды тергеу департаменті және облыстық ПД Криминалды...

425 мың сәби дүниеге келді: Өткен жылы туу көрсеткіші жөнінен алға шыққан өңірлер аталды

2020 жылдың қаңтар-желтоқсанында республикада 425,6 мың сәби дүниеге келді, бұл 2019 жылмен салыстырғанда 22,6 мың адамға көп, деп хабарлайды Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің...

Қытай елінің кино жұлдызына айналған қазақ қызы

Қытайдың kazakcnr.com сайтында Қытай елде миллиондаған бәсекелесінің оза шығып, талантымен талайды таңдай қақтырып жүрген қандасымыз, белгілі актриса Риза Әлімжанқызы туралы мақала жарық көрді. Аталған мақаладағы...

Мәулен Әшімбаев: Біз бойымызды да, ойымызды да Абай сөздеріне қарап түзейміз

ҚР Парламенті Сенатының Төрағасы Мәулен Әшімбаев Елордадағы Музыкалық жас көрермен театрының «Абай-Тоғжан» қойылымына жоғары баға берді. «Былтыр елімізде Абайдың 175 жылдығы кеңінен аталып өтті. Соның...

Пошта қызметкері клиентпен орысша сөйлескені үшін жұмыстан қуылды

Украинада  "Укрпочтаның" Кривой Рогтағы пошта бөлімшесі меңгерушісінің орынбасары клиентпен орыс тілінде сөйлескені және эпидемияға қарсы шараларды сақтаудан бас тартқаны үшін жұмыстан босатылды. Бұл туралы...

Оқушы қыздар педофилді өз беттерінше жазалап, түрмеге түсірді

АҚШ-тың Пенсильвания штатында екі оқушы 22 жастағы педофилге қарсы айғақ жинап, оны бопсалады, деп хабарлайды The Morning Call.  Жергілікті тұрғын Кайл Кустер балабақша автотұрағында 14...

Ақтауда тұрғын үй кешенінің көлік тұрағында той ұйымдастырғандар анықталды (видео)

Ақтауда әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу кезінде жергілікті пабликтердің бірінде жарияланған тұрғын үй кешенінің көлік тұрағында өткізілген тойдың бейнежазбасы анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz. 2021...

Алматы әкімдігі трамвай депосының орнына не салынатынын айтты

Алматыда бұрынғы трамвай депосының орнында құрылыс жұмыстары жанданды. Қалалық әкімдіктің хабарлауынша, бұл жерде креативті жастарға арналған қоғамдық парк ашылады. Тұжырымдамаға сәйкес, бұл нысанда арт шеберлік кластары,...

Нұр-Сұлтанда карантин қашан жеңілдетіледі – Бас санитар жауап берді

Елордада карантиндік шектеулер жеңілдеуі мүмкін. Бұл туралы қаланың бас мемлекеттік санитар дәрігері Сархат Бейсенова айтты. Оның сөзінше, астана 30 қаңтарда "сары" аймаққа шықты, бірақ 8-10...

Коронавирус: Елордада 21 мектеп карантинге жабылды

Нұр-Сұлтан қаласының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Сархат Бейсенова елорданың білім беру ұйымдарындағы коронавирус статистикасына тоқталды. «2021 жылдың 22 ақпанындағы жағдай бойынша жаңа оқу жылы басталғаннан...

Желідегі хабарландыру арқылы ШҚО тұрғынының 1 млн теңгесін үптеп кеткен алаяқ ұсталды

Қызылорда тұрғыны әлеуметтік желі арқылы Шығыс Қазақстан облысының тұрғынын алдап соқты,  деп хабарлайды Polisia.kz. 20 ақпан күні Қызылорда қалалық Полиция басқармасына Шығыс Қазақстан облысының...

Жаңатастағы апат: Қара жамылған отбасыға «Birgemiz» қорынан 2 млн теңге бөлінеді

«Birgemiz» қорының қамқоршылық кеңесі Жамбыл облысының Сарысу ауданы Жаңатас қаласында өрттен зардап шеккен Әбдімәліковтер отбасына 2 млн теңге бөлу туралы шешім қабылдады. «Қор атынан қаза...

Тегін WI-FI қаншалықты сенімді?

Қоғамдық орындарда тегін WI-FI көрсек, қуанышымыз қойнымызға сыймайды. Жұмысымызды тез бітіру үшін, тегін желіге қосылуға асыққанымыз соншалық жеке деректеріді қолды болып жатқанына бейғам қараймыз....

«Ішкиіміне 17 түйіншек жасырған»: Қостанай облысына есірткі саудалап келген ерлі-зайыпты ұсталды

Жітіқара ауданының полицейлері есірткі саудасымен айналысып келген күдіктілерді ұстады, деп хабарлайды облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі. Полиция бөліміне түскен жедел ақпараттан кейін қызметкерлер іздестіру іс-шараларын...

Мексикада әскери ұшақ құлады (видео)

21 ақпан, жексенбіде Мексикада елдің әуе күштерінің реактивті жолаушылар ұшағы апатқа ұшырады. Ұшақ бортында болған алты адам қайтыс болды, деп хабарлайды El Universal. Learjet маркалы...

Көшелерге күйеуі мен туыстарының атын берген шенеунік жұмысынан айрылды

Мысырда көшелерге күйеуі мен туысқандарының атын берген шенеунік қызметінен айрылды, деп хабарлайды РИА Новости. Елдің солтүстігіндегі Кальюбия провинциясының губернаторы қаланы абаттандыру департаментінің директоры Кафр-Шукрды бірнеше...

Белгілі дизайнерді өлімі: Айыпталушы 11 жылға сотталды

Алматы қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты «Bisen» атымен танымал дизайнер Сәбит Сыраханның өліміне кінәлі адамға қатысты үкім шығарды. «Сот үкімімен С. Дүйсенғалиев 11...

Ғалым қатерлі ісіктен қорғайтын өнімдерді атады

Бірқатар өнімдерде канцерогендер – қатерлі ісіктердің пайда болу жиілігін арттыруға қабілетті заттар бар. Олар тағамға қоршаған ортадан түседі немесе тамақты өңдеу кезінде пайда болады....

«Қазақстанның 100 жаңа есімі-2021» жобасына өтінімдерді қабылдау басталды

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының төртінші кезеңінің басталғанын хабарлады. Өтінімдерді қабылдау 2021 жылғы 22 ақпаннан 15 наурызға...

Nur Otan Қазақстанның батыс өңірін дамытудың Жол карталарын дайындады

Nur Otan партиясы 2025 жылға дейінгі өзінің 216 сайлауалды бағдарламасын жүзеге асырудың егжей-тегжейімен азаматтарды таныстыруды жалғастыруда. Еліміздің батыс өңірлерінде жыл сайын қандай істер атқарылады...

Байқоңырда мәйіті табылған баланың неден көз жұмғаны белгілі болды

Бір күн бұрын Байқоңырда жоғалып, артынан мәйіті табылған баланың неден қайтыс болғаны анықталды. Бала суға тұншығып қалған, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. Ресей Федерациясы тергеу комитетінің хабарлауынша,...

Қар, боран: Синоптиктер алдағы күндері ауа райы қандай болатынын болжады

Қазгидромет 23-25 ақпанға аралған ауа райы болжамын жариялады. «Қазақстанның солтүстік жартысына Исландияның суық ауа массаларын сіңірген белсенді циклон қарлы боран әкеледі. Оның артында келе жатқан...

20 мыңға жуық қазақстандық коронавирусқа қарсы вакцина алды

Бұл туралы Денсаулық сақтау вице-министрі – Бас мемлекеттік санитарлық дәрігер Ерлан Қиясов айтты. «Қазіргі күні ҚР-ның 20 мыңға жуық азаматы COVID-19-ға қарсы вакцинаның алғашқы дозасын...

Денсаулық сақтау вице-министрлеріне «Спутник V» вакцинасының 2-дозасы егілді

Денсаулық сақтау вице-министрі – Бас мемлекеттік санитарлық дәрігер Ерлан Қиясов және аталмыш ведомствоның тағы бір вице-министрі Ажар Ғиният «Спутник V» вакцинасының екінші дозасын салдырды. Денсаулық...

Коронавирус: 295 науқастың жағдай ауыр – ДСМ

Елімізде коронавирус инфекциясынан барлығы 21 285 адам емделуде. «22 ақпандағы мәлімет бойынша, 21 285 адам короновирус инфекциясынан (13 679 – КВИ+ және 7 606 –...

Биткойн бағасы тағы қымбаттады

Coindesk порталының мәліметінше, биткойн бағасы сауда сессиясы кезінде 1,97%-ға, 58,1 мың долларға қымбаттады. Осылайша криптовалюта бағасы тарихи максимумды жаңартып отыр. Биыл 9 ақпанда биткойнның бағасы...

Елімізде коронавирус жұқтырғандар саны 208 мыңнан асты

Қазақстанда өткен тәулікте 699 адамның коронавирус жұқтырғаны расталды, – деп хабарлады coronavirus2020.kz. Аймақтар бойынша: Нұр-Сұлтан қаласы - 72 Алматы қаласы - 101 Шымкент қаласы -...

Полицияға жалған хабар бергені үшін айыппұл төлейді

Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, 18 ақпан сағат 22:50 шамасында 41 жастағы азамат заңды некедегі әйелін ұрып жатқанын айтып, полицияға хабарлама берген. «Осыған байланысты учаскелік...

22 ақпанға арналған ауа райы болжамы – Қазгидромет

Дүйсенбі, 22 ақпан күні фaронтальды құрылымдардың өтуіне байланысты еліміздің басым бөлігінде құбылмалы ауа райы сақталады, – деп хабарлады Қазгидромет. Кей жерде қар жауады, еліміздің...

Байқоңырда із-түссіз жоғалған жеті жасар екі бала бір тәуліктен бері іздестіріліп жатыр

Ресейлік және қазақстандық құқық қорғау органдары Байқоңыр қаласында 20 ақпан күні жоғалған жеті жасар екі баланы іздеп жатыр. 20 ақпанда таңертең сағат он жарымдар шамасында...

«Канело, vamos!». Қанат Ислам «Канелоны» жекпе-жекке шақырды

Майами (АҚШ, Флорида штаты) қаласында өткен бокс кешінде эквадорлық Джейсон Минданы жетінші раундта техникалық нокаутпен жеңген қазақстандық былғары қолғап шебері Қанат Ислам мексикалық Сауль...

Қанат Ислам техникалық нокаутпен жеңді (видео)

Қазақстандық боксшы Қанат Ислам (27-0, 21 КО) Майами (АҚШ, Флорида штаты) қаласында өткен бокс кешінде жеңіске жетті. Қанат бастапқыда ганалық Ободай Саймен (35-3-1, 26 КО)...

Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Испанияда пошта маркасы шығарылды

Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Испанияда пошта маркасы шығарылды. Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми сайтында хабарланады. «Жоба Қазақстан Елшілігінің бастамасымен еліміздің тарихындағы елеулі...

Президент Жаңатастағы қаза болған бес баланың ата-анасына көңіл айтты

Президент Жаңатас қаласындағы қайғылы оқиғадан қаза болған балалардың ата-анасына көңіл айтты. Бұл туралы ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Facebook-тегі парақшасында жазды. "Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Жаңатас қаласындағы...

Димаштың есімі Марсқа жетті

"Атағы айға жетті" дегені осы болар! 18 ақпанда Perseverance атты жаңа ровер Марс бетіне қонды. Ғылыми жабдықтармен қатар, ол Қызыл планетаға миллиондаған адамның есімдерін...

Димаш Ниязов Майамидегі бокс кешінде жеңіске жетті

Қазақстан тумасы, Нью-Йорк полициясының қызметкері Димаш Ниязов  (13-1-3, 6 КО) Майами (АҚШ, Флорида штаты) қаласында өткен бокс кешінде жеңіске жетті.   Соңғы рет 2018 жылы...

Сапарбаев: Бұл жерде құрылыс сапасына қатысты мәселе бар

Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев Тараздағы жойқын желден бүлінген тұрғын үйлер мен нысандарды аралап шықты, деп хабарлайды Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметі. Жамбыл даңғылындағы №123...