Жаңалықтар

Rixos Water World Aktau қашан ашылатыны белгілі болды

ашық дереккөзі

Rixos Water World Aktau қашан ашылатыны белгілі болды

13 шілде күні Маңғыстау облысының қақ жүрегі Ақтау қаласында «All inclusive All Exclusive» концепциялы Rixos Water World Aktau атты Орталық Азиядағы ең алғашқы 5 жұлдызды отель ашылады. Отельдің жалпы аумағы 150 000 шаршы метрге созылып жатыр. Жеке құмды жағажайы – 420 метр. Күнге қыздырыну мен демалуға арналған серуендеу пирсының аумағы 500 шаршы метр, деп жазады "Егемен Қазақстан" басылымы. Отель Каспий теңізінің табиғаты көркем жағажайында орналасқан. Оның өзінің жеке құмды пляжы мен мөп-мөлдір көкшіл суы бар. "Rixos Water World Aktau - Ақтау қаласының меймандары үшін де, тұрғындары үшін де бірінші дәрежелі жаңа орынға айналмақ. Қонақтардың жайлылығы үшін барлық жағдай жасалған. Rixos Hotels желісін өзгешелендіріп тұратын ерекшелігі – әлемнің кез келген нүктесіндегі ең озық сервис. Біз Ақтаудағы отельдің концепциясын әзірлеген кезде дәл осы қағидатты ұстандық. Біздің отель жыл бойы меймандарды қабылдауға дайын әрі Орталық Азияда бірінші болып «All Inclusive» тұжырамасында қызмет көрсетеді. Жаздыгүні де, қыстыгүні де бұл өңір ерекше көркем", - деп атап өтті Rixos Water World Aktau қонақ үйінің бас менеджері Махмұт Жарымбетов. Отель әуежайдан 42 шақырым, Ақтау қаласының орталығынан 20 шақырым (20-30 минуттық жол) жерде орналасқан. Rixos Water World Aktau өзінің меймандарына терезесінен теңіз көрінетін нөмірлер мен салтанатты виллаларды, бейнесі сұлу өлкелерді ұсынады: Deluxe тұрпатты 462 нөмір, Deluxe Suite тұрпатты 22 нөмір, Presidential Suite тұрпатты 1 нөмір мен 15 жайлы вилла, сонымен бірге мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған нөмірлер бар. Отельдің ең тартымды орындарының бірі ретінде "Water World" суда көңіл көтеретін бақты атап өтуге болады. Су сырғанақтары мен бассейндерінің әртүрлілігі мен ауқымы келушілерге ұмытылмас әсер сыйлайды: Space Boat, Flying Saw, Windigo аттракциондары, толқынды бассейн, "жалқау өзен" аттракционы мен өзге орындар баршылық. Бос уақытты өткізгіңіз келсе аталған аумақ ересектер үшін де, балалар үшін де қолжетімді болады. Сонымен қатар меймандарды жылытылатын бассейндердің әртүрлілігі мен ауқымдылығы күтіп тұр: теңіз бен теңіз суын паш етер кең көлемдегі көрінісі бар бірегей "Infinity" бассейні мен спа-орталықта жабық бассейн орналасқан. Rixos Water World Aktau келушілерін open air концертімен бірге мазмұнға толы сауық бағдарламалары, тақырыптық кештер мен фестивальдар күтіп тұр. Таза ауада демалуды жөн көретіндер отель тарапынан бұл бағыттағы ұсыныстардың бүкіл спектріне баға бере алады. Спорт пен салауатты өмір салтын ұнататындар үшін күнделікті спорттық жаттығулар ұсынылады: скандинав жүрісі, йога, стречинг, кроссфит пен өзге де жаттығуларды жасай аласыз. Бұған қоса қонақ үйде "Exclusive sports" академиясы, кәсіби футбол алаңы мен бүкіл халықаралық стандартқа сай 7 теннис корты бар.