Алматыда блокпостар қайта қойыла ма – бас санитар жауап берді
Алматыда блокпостар қайта қойыла ма – бас санитар жауап берді
Алматыға кіріп-шығуға шектеу қойылмайды. Бұл туралы қаланың бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин мәлімдеді.
Онлайн брифинг барысында журналистердің "Қалада блокпостар қойыла ма?" деген сауалына бас санитар: «Қала сыртында блокпостар қойылмайды. Тұрғындар қалаға, облысқа емін-еркін кіріп-шыға алады», - деп жауап берді.
Айта кетейік, бұған дейін Жандарбек Бекшин демалыс күндері Алматыда қоғамдық көлік жүрмейтінін мәлімдеген.
Сондай-ақ, брифинг барысында бас санитар санитарлық талаптарды орындамағаны үшін Көк базар 1 айға жабылып, базар басшылығына 1,7 млн теңге айыппұл салынғанын айтты.