Жаңалықтар

Ұлыбритания премьер-министрі мінген көлік апатқа ұшырады

ашық дереккөзі

Ұлыбритания премьер-министрі мінген көлік апатқа ұшырады

Ұлыбритания Үкіметінің басшысы Борис Джонсон мінген көлік апатқа ұшырады. Премьер-министрдің көлігі жүріп келе жатқан кезде көшедегі наразылық білдірушілердің бірі кенет жол бойына шығып кеткен. Салдарынан парламенттің жанына тоқтамақ болған Джонсон мінген көлік Range Rover полиция көлігімен соқтығысқан. Тәртіп сақшылары наразылық білдірушіні ұстады. Ал Джонсонның көлігі майысқан. Премьер-министр канцеляриясының ресми өкілі Борис Джонсонның жарақат алмағанын хабарлады. Еске сала кетейік, наурыз айының соңында Ұлыбритания премьері коронавирус жұқтырып, 5 сәуірде ауруханаға түскен. 12 сәуірде Борис Джонсон дертінен айығып, ауруханадан шықты. Саясаткердің айтуынша, коронавируспен ауырғалы бері оның көру қабілеті нашарлаған.