Демалыс күндері еліміздің 6 қаласында карантин күшейтіледі

18 маусым, 2020 / Анар ЛЕПЕСОВА
ашық дереккөзі
Демалыс күндері еліміздің 6 қаласында карантин күшейтіледі Қазақстанда демалыс күндері — 20-21 маусым аралығында шектеу шаралары күшейтіледі. Бұл туралы  ҚР Премьер-Министрінің баспасөз қызметі хабарлады. ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен ҚР аумағында коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның селекторлық отырысы өтті. ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтің тапсырмасына сәйкес, Қазақстанда эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыру бойынша қосымша шаралар қарастырылған. Нұр-Сұлтан, Алматы, Қарағанды, Шымкент, Павлодар және Екібастұз қалалары бойынша: 2. Саны 50 мың адамнан асатын елді мекендерде: 3. Нұр-Сұлтан, Алматы, Қарағанды, Шымкент, Павлодар және Екібастұз қалаларына аумақтық жақын орналасқан туристік аймақтарға кіру жабылады, ал аталған аймақтардағы адамдарға — әлеуметтік қашықтықты сақтау.