COVID-19: Әлемде індет жұқтырғандар саны 8,3 миллионнан асып жығылды

COVID-19: Әлемде індет жұқтырғандар саны 8,3 миллионнан асып жығылды

COVID-19: Әлемде індет жұқтырғандар саны 8,3 миллионнан асып жығылды
ашық дереккөзі
Әлемде коронавирус жұқтырғандар саны 8,3 миллионнан асты. Қатерлі вирустан 449 мыңға жуық адам көз жұмған. Джонс Хопкинс университетінің соңғы дерегі осындай. Індет жұқтырғандар саны жөнінен әлемде бірінші орында тұрған АҚШ-та 2,1 миллионан астам адамнан коронавирус анықталған. Науқастардың 117 мыңнан астамы қайтыс болды. Екінші орында – Бразилия. Елде қатерлі індетке шалдыққандар саны 955 мыңнан асып жығылды. Індеттен 46 мыңнан астам адам көз жұмды. Коронавирусқа шалдыққандар саны жөнінен Ресей үшінші орында. Пандемия басталғалы бұл елде 552 мыңнан астам адамнан індет анықталған. Науқастардың 7,5 мыңға жуығы қайтыс болған. Ал Қазақстанда өткен тәулікте 335 адамнан коронавирус анықталып, індет жұқтырғандардың жалпы саны 15 877-ге жетті. Індеттен 100 отандасымыз көз жұмды.