Карантин: СҚО-да Айыртау ауданына кіріп-шығуға тыйым салынды

Карантин: СҚО-да Айыртау ауданына кіріп-шығуға тыйым салынды

Карантин: СҚО-да Айыртау ауданына кіріп-шығуға тыйым салынды
ашық дереккөзі
Солтүстік Қазақстан облысындағы Айыртау ауданы карантинге жабылды. Ауданның бас санитар дәрігерінің қаулысына сәйкес 18 маусым сағат 00.00-ден бастап карантин шаралары күшейтілді. Ауданның шекарасы бойынша блокбекеттер қойылып, ауданға кіріп-шығу шектелді. Індеттің таралуын тоқтату мақсатында туристік демалыс орындарының жұмысы тоқтамақ. Көрші-қолаңға, туыстарға үй-үйді аралауға және отбасылық іс-шараларды өткізуге тыйым салынады. Дегенмен көшеге еркін шығуға рұқсат етіледі, бірақ екі және одан көп адам бірге серуендегенде қашықтықты сақтап, маска кию міндеттеледі. Сондай-ақ, мерекелік, спорт, ойын-сауық мәдени-бұқаралық іс-шараларды өткізуге тыйым салынған. Жағдай түзелгенше компьютерлік клубтардың, балалардың сауықтыру лагерлерінің, мектеп жанындағы лагерлердің, караоке, бильярд, фитнес және жаттығу залдарының қызметі тоқтатылады. Қоғамдық тамақтану нысандары сағат 10.00-ден 22.00-ге дейін, ал сауда орындары сағат 20.00-ге дейін ғана жұмыс істейді. Бүгінде СҚО-да коронавирус жұқтырғандардың жалпы саны 134 болды. Өткен тәулікте індетке шалдығудың 9 жаңа дерегі анықталды. Ал республика бойынша тағы 335 науқас тіркеліп, коронавирус жұқтырғандардың жалпы саны 15877-ге жетті. Індеттен 9902 адам айықты. 97 науқас көз жұмды.