Жаңалықтар

Атырауда 250 бала тәрбиеленетін балабақшаның 3 қызметкерінен коронавирус анықталды

ашық дереккөзі

Атырауда 250 бала тәрбиеленетін балабақшаның 3 қызметкерінен коронавирус анықталды

Атырауда қаласында 250-ге жуық бала тәрбиеленетін мемлекеттік балабақшаның 3 қызметкерінен коронавирус табылды. Осыдан кейін қаланың бас санитар дәрігері мектепке дейінгі мекемелердің барлығын жабу туралы шешім шығарды, деп хабарлайды "КТК" арнасы.  "Осы жағдайға байланысты балабақша қызметкерлерінен және сол топта қызмет еткен көмекші тәрбиешіден бастап, барлығынан тест сынамасы өткізілді. Нәтижесінде тағы екі қызметкерден, яғни аула сыпырушы мен бір тәрбиешіден тест сынамасы оң нәтиже берді. Осы жағдайға байланысты қазір №30 "Жұмбақ" балабақшасы жұмысын  уақытша тоқтатты", - деді Атырау қалалық білім бөлімінің бас маманы Айжан Есмағанбетова. Аталған мекемеде 232 бүлдіршін бар. Індет табылған тәрбиешінің қарауында 23 бала болған. Дереу тексеру өткізген дәрігерлер балалардың аурудан аман екенін айтты. Қазақстанда коронавирустан болған өлім саны артып келеді. Тұрғындардың немқұрайлығы мамандардың ашуын келтірді. "Сақтанбайды, күтінбейді. Жағдайлар жанұяларда тіркеліп жатыр. Бір жанұяда бір-екі адам емес, саны 5-7-ге дейін жетеді. Содан кейін жұмыс орындарында да. Біз айтатын бетпердені кию керек. Ара қашықтықты сақтау керек. Әр адам өзінің жеке гигиенасын сақтау керек. Жағдай сақталмаған соң осындай аурудың өсіп жатқаны – ең басты себептерінің бірі", - деді Нұр-Сұлтан қаласы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәуле Қисықова.