Жеңіл өнеркәсіптің 60 пайызы тоқыма өндірісіне тиесілі

Жеңіл өнеркәсіптің 60 пайызы тоқыма өндірісіне тиесілі

Жеңіл өнеркәсіптің 60 пайызы тоқыма өндірісіне тиесілі
ашық дереккөзі
energyprom.kz сайтының мәліметінше, тоқыма бұйымдары ішінде мақта-мата шығару 3,5 пайызға (2020 жылдың қаңтар-сәуірінде 8,1 млн шаршы метрге дейін) және үй шаруашылығына қажетті дайын тоқыма бұйымдары 5,7 пайызға (7,4 млн данаға, соның ішінде төсек-орын жабдығы – 2,5 млн данаға, бір жылда +22,1%) артқан. 2020 жылдың қаңтар-сәуірінде тоқылмаған материалдар мен бұйымдар шығару 1,9 млн шаршы метрді құрады. Мата шығару үш өңірде дамыған: Павлодар (14,4 млн шаршы метр) және Қостанай (0,4 млн шаршы метр) облыстарында, сондай-ақ Шымкентте (8,6 млн шаршы метр). Байпақ пен жұқа киізден жасалған аяқ-киім Ақмола (15,5 мың жұп) мен Шығыс Қазақстан облыстарында (4,6 мың жұп) өндіріледі. Мақта толығымен Түркістан облысында шығарылады. Тоқыма бұйымдарын өндіру көлемі 2020 жылдың қаңтар-сәуірінде 23,4 млрд теңгені құрады. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 20,5 пайызға көп. Жеңіл өнеркәсіптегі тоқыма үлесі 55,5%-дан 60,1%-ға артқан.