«NUR OTAN» жақтастарының лигасы: саяси қозғалыстың мақсаты қандай?
«NUR OTAN» жақтастарының лигасы: саяси қозғалыстың мақсаты қандай?
Е.Саиров, М.Әбенов, Ж.Әшімжан, Э.Полетаев, Б.Дәулетбекқызы, М.Шибутов, Я.Федоров сынды бірқатар ел азаматтары бас қосып, «Nur Otan» жақтастарының лигасы» деп аталатын жаңа саяси қозғалыс құрды.
Еуразиялық интеграция институтының директоры, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшесі, саясаттану ғылымдарының кандидаты Е.Саиров Лиганың ең негізгі ұстанымы центристік принцип болатынын атап өтті.
«Біз – демократияны жақтаймыз. Еліміз халықтық мемлекет болуы керек деген ұстанымдамыз. Бірақ осы процестердің барлығы эволюциялық жолмен, бейбіт жолмен, сонымен бірге конструктивті жолмен өтуі керек. Бұл – біздің ең негізгі мақсатымыз. Осы тұрғыда лига өз жұмысын үш бағытта жүргізеді. Бірінші – әлеуметтік әділеттілік, екінші – қоғамдық-саяси трансформация, үшінші – экономикалық өрлеу. Кезек күттірмейтін мәселе ретінде «Nur Otan» партиясы жариялаған партиялық праймеризді қатаң қоғамдық бақылау тетіктерін жасауды қолға аламыз», – деді ол.
Ал саясаттанушы, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшесі М. Шибутовтың айтуынша, праймериз – саяси процеске демократиялық нормаларды енгізу тетігі.
«Серпін» Ұлттық білім және инновациялар палатасының президенті, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшесі М. Әбеновтің пікірінше, пікір алуандығы бар жерде ғана даму болады.
«Көптеген әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси проблемалар жинақталды. Партия арқылы біз жергілікті атқарушы органдардың жұмысын қадағалаймыз, плюрализм және балама пікірлер негізінде процестер құрамыз, әлеуметтік мәселелерді оңтайлы шешуге ықпал етеміз», – деді қоғам қайраткері.
Белгілі журналист, блогер Б.Дәулетбекқызы елдегі қоғамдық-саяси процестерді жақсарту бойынша азаматтар арасында үнемі нақты ұсыныстар жинаудың маңыздылығын атап өтті.
«Біздің қоғамдағы ең өзекті әлеуметтік, экономикалық және басқа проблемаларды жариялап, оларды шешуді талап ету керек. Тұтастай алғанда елдегі қылмыстық іс жүргізу заңнамасын модернизациялау қажет, бұл «Nur Otan» партиясының көмегімен ғана мүмкін болады», – деді журналист.
Ал «Ана тілі» газетінің бас редакторы, журналист Ж.Әшімжан баянды болашаққа қадам басу үшін тарихтан тағылым алу қажеттігін сөз етті.