«NUR OTAN» жақтастарының лигасы: саяси қозғалыстың мақсаты қандай?

«NUR OTAN» жақтастарының лигасы: саяси қозғалыстың мақсаты қандай?

«NUR OTAN» жақтастарының лигасы: саяси қозғалыстың мақсаты қандай?
ашық дереккөзі
Е.Саиров, М.Әбенов, Ж.Әшімжан, Э.Полетаев, Б.Дәулетбекқызы, М.Шибутов, Я.Федоров сынды бірқатар ел азаматтары бас қосып, «Nur Otan» жақтастарының лигасы» деп аталатын жаңа саяси қозғалыс құрды. Еуразиялық интеграция институтының директоры, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшесі, саясаттану ғылымдарының кандидаты Е.Саиров Лиганың ең негізгі ұстанымы центристік принцип болатынын атап өтті. «Біз – демократияны жақтаймыз. Еліміз халықтық мемлекет болуы керек деген ұстанымдамыз. Бірақ осы процестердің барлығы эволюциялық жолмен, бейбіт жолмен, сонымен бірге конструктивті жолмен өтуі керек. Бұл – біздің ең негізгі мақсатымыз. Осы тұрғыда лига өз жұмысын үш бағытта жүргізеді. Бірінші – әлеуметтік әділеттілік, екінші – қоғамдық-саяси трансформация, үшінші – экономикалық өрлеу. Кезек күттірмейтін мәселе ретінде «Nur Otan» партиясы жариялаған партиялық праймеризді қатаң қоғамдық бақылау тетіктерін жасауды қолға аламыз», – деді ол.  width= Праймериздің еліміздегі сайлау жүйесін жетілдірудегі маңызына тоқталған саясаттанушы Э.Полетаев: «Nur Otan» партиясында праймериздің жариялануына байланысты көптеген азаматтар саяси процеске қатыса алатындай оң өзгерістер орын алмақ. Біздің еліміздің болашақ траекториясы және мемлекеттің саяси жүйесі қандай болатындығы осы сайлауға байланысты», – деді.  width= Ал саясаттанушы, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшесі М. Шибутовтың айтуынша, праймериз – саяси процеске демократиялық нормаларды енгізу тетігі. «Серпін» Ұлттық білім және инновациялар палатасының президенті, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшесі М. Әбеновтің пікірінше, пікір алуандығы бар жерде ғана даму болады. «Көптеген әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси проблемалар жинақталды. Партия арқылы біз жергілікті атқарушы органдардың жұмысын қадағалаймыз, плюрализм және балама пікірлер негізінде процестер құрамыз, әлеуметтік мәселелерді оңтайлы шешуге ықпал етеміз», – деді қоғам қайраткері. Белгілі журналист, блогер Б.Дәулетбекқызы елдегі қоғамдық-саяси процестерді жақсарту бойынша азаматтар арасында үнемі нақты ұсыныстар жинаудың маңыздылығын атап өтті. «Біздің қоғамдағы ең өзекті әлеуметтік, экономикалық және басқа проблемаларды жариялап, оларды шешуді талап ету керек. Тұтастай алғанда елдегі қылмыстық іс жүргізу заңнамасын модернизациялау қажет, бұл «Nur Otan» партиясының көмегімен ғана мүмкін болады», – деді журналист. Ал «Ана тілі» газетінің бас редакторы, журналист Ж.Әшімжан баянды болашаққа қадам басу үшін тарихтан тағылым алу қажеттігін сөз етті.  width= «Рухани құндылықтар – мемлекет дамуының маңызды факторы. ХХ ғасырдың басында қазақ зиялыларының ұсынған идеялары мен мұраттары, талаптары мен ұстанымдары өз маңыздылығын сақтайды және бүгінде сұранысқа ие. Тарихи әділеттілікті қалпына келтіру жұмыстарын жалғастыру қажет», – деді қаламгер. Яков Федоровтың пікірінше, праймериз режиміндегі пікірталастарды қарай отырып, халық болашақ парламентшілердің шынайы жеке идеялары қаншалықты елді өркендетуге бағытталғандығын көре алады. «Біз әлеуметтік желілерден, ас үйлердегі әңгімелерден торыққан көңіл-күйді көріп отырмыз, яғни адамдар өз туған ауылында, туған қаласында, туған елінде өз қабілеттерін аша алмайды. Мен бұл ретте бұдан гөрі жақсырақ өмір сүрсем деген қарапайым қалауы бар адамдар туралы айтып отырмын. Мен өңірлерді көп аралаймын, жасы отыздан асса да, әлі күнге оларға жас маман деп қарайтын өз ісінің нағыз шебері болған адамдарды білемін. Біздің міндетіміз – өңірлердегі осындай адамдарды тарту, олардың өз облысын нақты қалай дамыту қажеттігі туралы ойларын айтқызу. «Nur Otan» партиясының праймеризі – өз ойларың мен бастамаларыңды іске асыруға, кәсіпқойлығыңды көрсетуге, елді дамыту туралы идеяларыңды ортаға салуға жақсы мүмкіндік. Бізге заң шығарушы органға баруға дайын кәсіпқой мамандарды табу ғана емес, сарапшылар ұсынатын саяси күн тәртібін қалыптастыруға қажетті идеяларды жинақтау да маңызды. Адам депутат болып тумайды, бұған мектепте үйретпейді. Адам бұған талпыну арқылы жетеді», – деп түйіндеді Яков Федоров. «Nur Otan» жақтастарының Лигасы еліміздегі әлеуметтік, экономикалық және демографиялық мәселелерді бірлесе шешуге үндеп, қазақстандықтарды праймеризге белсене қатысуға шақырды.