Лаңкестер жазадан құтылмайды

Лаңкестер жазадан құтылмайды

Лаңкестер жазадан құтылмайды
ашық дереккөзі

Елбасы Ақтөбедегі қылмысқа қатысушыларды қатаң жазалауды тапсырды

Елбасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Владимир Жұмақановты қабылдады деп хабарлайды Ақ орданың ресми сайты.  Кездесу барысында В.Жұмақанов Мемлекет басшысына Ақтөбе облысындағы антитеррорлық операцияның осы кезеңге дейінгі нәтижелері туралы баяндады. Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы қазіргі уақытқа дейін 13 қылмыскердің көзі жойылып, 14-і жараланғанын айтты. Бұдан бөлек, дайындық кезеңінде қылмысқа қатысудан 20 адам бас тартқан, олар анықталып, жауап алынды. Қазіргі кезде 6 адам іздестірілуде, қолда бар ақпарат бойынша, олар Ақтөбе облысының аумағында жүр. Қазақстан Президенті Ақтөбе облысындағы террористік әрекеттерге қатысты барлық адамдарды ұстап, тұтқындау жұмыстарын тиімді түрде жүргізу қажеттігін атап өтті.  «Біз олардың сол өңірде екенін білеміз, жеке бастарына қатысты мәліметтер белгілі, халыққа ескертілді. Қылмыскерлердің бәрін түгел тұтқындау қажет. Қарулы қарсылық көрсеткен жағдайда көздерін жою керек. Барлығы ең қатал жазаға тартылуға тиіс», – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Еркежан ЖҰМАТАЙ

Астана қаласы