COVID-19: вирус жұқтырғандар қандай препаратпен емделді

COVID-19: вирус жұқтырғандар қандай препаратпен емделді

COVID-19: вирус жұқтырғандар қандай препаратпен емделді
ашық дереккөзі
Нұр-Сұлтан қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәуле Қисықова коронавирус инфекциясын жұқтырғандарды емдеу процесінде дексаметазон препараты қолданылғанын айтты. «Денсаулық сақтау министрлігі жанындағы комиссия коронавирус инфекциясына шалдыққандарды емдеу хаттамасына үнемі өзгертулер енгізіп тұрады. Сондықтан бекітілген хаттамаға сәйкес жұмыс істеп жатырмыз. Қабынуға қарсы дексаметазон препаратына тоқталсақ, бізде мұндай препарат бар. Инфекция асқынған кезде консилиумның шешімімен, әріптестеріміз ем-дом процесінде аталған дәрі-дермекті пайдаланады», – деді С.Қисықова Орталық коммуникациялар қызметінде. Бұдан бұрын бұқаралық ақпарат құралдарында Ұлыбритания ғалымдары дексаметазон инфекциясын жұқтырғандар арасында өлім-жітімді төмендететінін жариялаған еді.