Қазақстанда спортқа легионерлерді тартуға тыйым салынуы мүмкін

Сондай-ақ!

Жыл сайын 6 миллиондай адам инсульттан қайтыс болады

1 желтоқсан – Халықаралық неврапатолог күні. Осыған қарай бүгін ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің өкілдері қазақстандық невролог дәрігерлерді кәсіби мерекемен құттықтады. «Невролог дәрігерлер сәби дүниеге келген...

«Еңбегімен ер сыйлы»: үздік шаруалар марапатталды

Талдықорған қаласында 1 желтоқсан – Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті күні мерекесі қарсаңында ауылшаруашылық саласында еңбек етіп жүрген азаматтарға түрлі деңгейдегі марапаттар тапсырылды. Бұл тізімге республика...

Куәліксіз көлік жүргізгені үшін 139 мың теңге айыппұл төлейді

Нұр-Сұлтанда таксопарк жүргізушісі машинаны көлік жүргізу куәлігінсіз айдаған, – деп хабарлады Polisia.kz. 27 қарашада астаналық такси жүргізушісіне қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 612-бабы 3-бөлігі –...

«Баласына елдің мүшкіл халін айтсын!» Зеленскийдің ата-анасымен бірге түскен фото қызу талқыға түсті

Бірнеше күн бұрын Украина президенті Владимир Зеленскийдің Facebook-тегі парақшасында жарияланған ата-анасымен бірге түскен фото әлеуметтік желілерде қызу талқыланып жатыр.   Фото 26 қарашада В.Зеленскийдің Днепропетровск...

Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында елімізге шетелдік мамандар мен спортшыларды шақырту тәжірибесінен бас тарту ұсынылды. 

Осы орайда Үкімет басшысы Асқар Маминнің атына депутаттық сауал жолданды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Барлық жас топтары арасында бұқаралық спортты дамыту маңызды. Балаларға арналған спорт инфрақұрылымының барынша қолжетімділігін қамтамасыз ету қажет. Бұл бағытқа заңнамалық қолдау, сонымен қатар бұқаралық спортты дамытудың кешенді жоспарын қабылдау қажет», – деп тоқталды депутат Сәкен Қаныбеков.

Осы орайда ол қомақты қаржы жұмсалатын футбол саласына тоқталды. Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің деректері бойынша, 2016 жылда – 3,5 млрд теңге, 2017 жылда – 4,6 млрд теңге, 2018 жылы – 8,9 млрд теңге бағытталды.

«Бірақ, біздің ақпарат бойынша тек «Астана» футбол клубының бір жылдық бюджеті 12 млрд теңгені құрайды. Бұл тұрғыда комитет ақпараты шындыққа сәйкес емес. Қаржыландыру көлемінің қомақты болуына қарамастан, қазақстандық футболға әлемдік аренада әзірше орын жоқ. Басқа спорт түрлерінің қаржыландырылуы әлдеқайда қарапайым болса да, бірақ Олимпиада ойындарында, әлемдік чемпионаттарда, Азия ойындарында және басқа да маңызды жарыстарда ең жақсы нәтижелерді көрсетіп, бірнеше рет еліміз Туын көтерді», – деді депутат.

Оның пайымынша, жыл сайын спорт және дене шынықтыру саласындағы уәкілетті орган легионерлерді қысқарту бойынша саясатты жүргізеді. Дегенмен, олардың саны қысқартылмайды.

«Әлемде коронавирус пандемиясына байланысты төтенше жағдай кезінде барлық спорт түрлерінде бюджеттік шығындарды қайта қараудың уақыты келді. Бұқаралық ақпарат құралдарындағы соңғы жарияланымдарға сүйене отырып, көптеген Еуропа елдері, сондай-ақ Ресей мамандар мен легионерлерден бас тартуды қолдады. Осы шешімдердің қабылдануы жас спортшылардың ішкі әлеуетін дамытуға мүмкіндік береді», – деді С. Қаныбеков.

Осы орайда ол бінеше ұсынысты жария етті. Бұл тұрғыда шетел мамандары мен спортшыларды тарту тәжірибесінен бас тарту, барлық спорт түрлеріне жұмсалатын шығындарды аймақтар бойынша талдау қажеттігін, әр спорт түріне бюджеттің бірыңғай нормаларын орнату мәселесі көтерілді.

 

Редакция таңдауы

Димаш Құдайберген сүйіктісі бар-жоғын айтты

Әлемге әйгілі әнші Димаштың жеке өмірі қызықты әрі құпия. Әншінің миллиондаған тыңдарманына «оның жүрегін жаулап алған кім ?» деген сұрақ қызықты, алайда әнші өз...

Генерал Б. Жанасаев: Елбасының сенімінен асқан жауапкершілік жоқ

Құқықтық тәртіп әскерінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев сенім артқан сардарлар аз емес. Олардың әр қайсысының өз орны бар. Десе де, өмірлік тәжірибесі бай, Елбасының сенімін...

Көреалмаушылықтың көрігін басу кімге керек?

Қай қоғамда болса да жиі айтылатын, жиі талқыға түсетін нәрсенің бірі − көреалмаушылық, яғни қызғаныш. Содан болар, өмірінде қызғаныштың құрбаны болғанын, көреалмаушылықтың кесірінен көп...

Ұлы көштің ұйытқысы

1 желтоқсан – Қазақстанның Тұңғыш Президенті күні. Ел тарихы үшін елеулі күн болғандықтан, Тәуелсіз мемлекетіміздің буынын бекітіп, қанатын қатайтқан Елбасының ерен еңбегін екшеп айтуымыз...

Қазақ-қырғыз шекарасы 1 наурызға дейін жабылды

Қырғызстанның мемлекеттік шекаралық қызметі қазақ-қырғыз шекарасындағы кеден бекеті жабылатынын хабарлады. 2021 жылдың 1...

Жыл сайын 6 миллиондай адам инсульттан қайтыс болады

1 желтоқсан – Халықаралық неврапатолог күні. Осыған қарай бүгін ҚР Денсаулық сақтау...

«Еңбегімен ер сыйлы»: үздік шаруалар марапатталды

Талдықорған қаласында 1 желтоқсан – Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті күні мерекесі қарсаңында...

Куәліксіз көлік жүргізгені үшін 139 мың теңге айыппұл төлейді

Нұр-Сұлтанда таксопарк жүргізушісі машинаны көлік жүргізу куәлігінсіз айдаған, – деп хабарлады Polisia.kz. 27 қарашада...

«Баласына елдің мүшкіл халін айтсын!» Зеленскийдің ата-анасымен бірге түскен фото қызу талқыға түсті

Бірнеше күн бұрын Украина президенті Владимир Зеленскийдің Facebook-тегі парақшасында жарияланған ата-анасымен бірге...

Көп оқылды

Коронавирустың жаңа белгілері пайда болды

Коронавирус жұқтырған науқастардың бойындағы ауру белгілері денге қызбасының белгілеріне ұқсас болуы дұрыс диагноз қоюға кедергі келтіруде. Аталмыш белгілерді анықтаған Сингапур ғалымдары арнайы баяндама жасады....

Қазақ Тәуелсіздігіне – 25 жыл

2016 жылдың үлкен мерейтойы – Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы. Айтулы мерекеге республикамыздың түкпір-түкпірінде қызу дайындық жұмыстары жүргізілетіні бесенеден белгілі. Ал ақтөбеліктер егемендігіміздің ширек...

Ертеңнен бастап мас күйінде көлік жүргізгендер 10 жылға сотталады

Көлікті мас күйінде тізгіндеп, жол ережесін бұзғандар 7 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылады. Президент осындай өзгеріс енгізілген заң жобасына бұған дейін қол қойған,...

Мемлекет басшысы коронавирустың екінші толқынына не себеп болғанын айтты

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев телевизиялық үндеуінде елде коронавирустың және пневмония дертінің өршуіне не себеп болғанын айтты.  «Коронавирус қаупіне байланысты пандемия басталғалы біз елдегі вирустың таралуына шектеу...