Дүйсенбі, 26 Қыркүйек, 2022

Жетісайда 200-ден астам көше жөндеуден өтеді

Биыл Жетісай ауданында 200-ден аса көше орта және ағымдағы жөндеуден өтеді. Оған жалпы 1 млрд 217 млн 869 мың теңге бағытталған. Нәтижесінде Жетісай ауданындағы 113 елді мекеннің және 1 қала мен 1 кенттің көшелері жаңарады.
Аудан бойынша 38 көшеге орта жөндеу жұмыстары жүргізіледі, оның 33-і ауылдағы көшелер. Ал 162 көшеге ағымдағы, яғни тас төсеу жұмыстары жүргізілетін болады. Қосымша 3 көшеге аяқ жолдар салу жұмыстары жүргізілмек.
«Өткен жылы ауданда 166 көше жөндеуден өтсе, биыл 200-ден асып отыр. Бұл аудан тарихында рекордты жол жөндеу жұмыстары басталды деген сөз. Сондай-ақ, облыс әкімі Өмірзақ Естайұлының арнайы тапсырмасымен 63 шақырымды құрайтын 130 көшеге ағымдағы жол жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Оның құрылыс жұмыстары биыл басталады», – деді аудан әкімі Жамантай Бейсенбаев.
Сонымен қатар, ұзындығы 20 шақырымға жуық «Жетісай – Мақталы» бағытындағы КХ86 автомобиль жолы жөндеуден өтетін болады.

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button