COVID-19: Қызылорда облысында 1 жастағы сәби індет жұқтырды

COVID-19: Қызылорда облысында 1 жастағы сәби індет жұқтырды

COVID-19: Қызылорда облысында 1 жастағы сәби індет жұқтырды
ашық дереккөзі
Қызылорда облысында бір жастағы сәбиден коронавирус анықталды.  Өткен тәулікте аймақта 7 адамның індетке шалдыққаны белгілі болды. Олардың 2-еуі Қызылорда қаласының тұрғыны болса, 1-і Жаңақорған, 4-еуі Сырдария аудандарында тұрады. 3 науқастан ПТР-анализі эпидемиологиялық көрсеткіштер бойынша ауру жұқтырған адамдармен қарым-қатынаста болуына байланысты алынса, 1 адам ауруханаға жату алдындағы эпидбақылау мақсатында тексерілген. Сондай-ақ, 3 анализ провизорлық стационарға жатқызылған адамдардан эпидемиологиялық көрсеткіштер бойынша жүргізілді. Зерттеу қорытындысы бойынша науқастардың ағзасынан коронавирус инфекциясы анықталды. Бүгінгі күнге дейін өңірде коронавирус инфекциясын жұқтырудың 514 дерегі тіркелген. Соңғы аптада облыста індеттің таралуы 7 пайыздан асып кетті. Аймақта эпидемиологиялық ахуал күрделене түсуіне байланысты  Қызылорда облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің №15 қаулысы қабылданды. Бүгіннен бастап өңірде жаңа шектеулер күшіне енді.