Дүйсенбі, 26 Қыркүйек, 2022

Латвияда дәрігерлерге ескерткіш қойылды

Ригада COVID-19 індетімен күрескен дәрігерлерге ескерткіш қойылды. Ақ халаттыларға арналған мүсін Латвияның Ұлттық көркем мұражайының алдында бой көтерді.

Биіктігі 6 метрді құрайтын ескерткішке «Дәрігерлер – әлемге» деген атау берілген. Жұмыстың авторы – Айгар Бикше. Дәрігерлер өз бастарына қауіп-қатер төнгеніне қарамастан дертке шалдыққандарға барынша көмек беріп жатқаны мүсіншіге үлкен әсер етіпті. «Коронавирус пандемиясы әлемге денсаулық сақтау саласы қызметкерлерінің қоғам үшін қаншалықты маңызды екенін көрсетіп берді» дейді автор.

Соңғы дерек бойынша, Латвияда 1098 адам коронавирусқа шалдыққан. Науқастардың 875-і емделіп шықса, 28-і көз жұмды.

Айта кетейік, өткен тәулікте Қазақстанда 350 адамнан коронавирус анықталып, республика бойынша індет жұқтырғандардың жалпы саны 15542-ге жетті. Індеттен 88 адамнан көз жұмды. 9647 адам емделіп шықты.

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button