Жаңалықтар

Қырғызстан үкіметін сайлауға дейін кім басқаратыны белгілі болды

ашық дереккөзі

Қырғызстан үкіметін сайлауға дейін кім басқаратыны белгілі болды

Қырғызстан үкіметінің жаңа басшысы сайланғанша министрлер кабинетін Кубатбек Боронов басқаратын болды. Бұл туралы 24.kg хабарлады. Басылымның хабарлауынша, парламенттік көпшілік коалициясы Бороновтың кандидатурасын бірауыздан мақұлдаған. Коалиция көшбасшысы Омуркулов Борановтың Жогорку Кенеш сайлауына дейін үкіметті басқаратынын атап өтті. Жаңа үкіметтің құрылымы мен құрамы бекітіліп қойған. Кубатбек Боронов бұған дейін премьер-министрдің бірінші орынбасары қызметін атқарған. Сондай-ақ ол коронавирусқа қарсы күрес бойынша республикалық штабты басқарады. Айта кетейік, Қырғызстан министрлер кабинетінің басшысы Мухаммедкалый Абылгазиев үлкен даудан соң отставкаға кетті. Тиісті қаулыға ел президенті Сооронбай Жээнбеков қол қойды. Абылгазиевтің кетуіне байланысты ел үкіметі таратылады. Абылгазиев премьер-министр лауазымына 2018 жылдың сәуірінде тағайындалды, ол министрлер кабинетін екі жылдан аса уақыт басқарды.