Вакцинация мен аутизм арасында байланыс жоқ – маман пікірі

Вакцинация мен аутизм арасында байланыс жоқ – маман пікірі

Вакцинация мен аутизм арасында байланыс жоқ – маман пікірі
ашық дереккөзі
Бұл туралы Нұр-Сұлтан қалалық №4 емханасы педиатрия бөлімшесінің меңгерушісі Виктория Виниченко айтты, – деп жазды ҚазАқпарат. Қазақстандағы міндетті екпе мәселесін талқылауға арналған онлайн конференция барысында сарапшы: «Екпе түрлі аурулардың өршуіне алып келеді деген сынды әңгімелер өтірік. Мәселен, ағылшын дәрігері Уэйкфилдтің қызылша, паротитке қарсы аралас вакцина аутизмді тудырады деген шулы жарияланымын айтуға болады. Дәрігер өзінің бақылауында болған 170 баланың 12-сіндегі аутизмге тән мінез-құлық пен сөз сөйлеуіндегі кемшіліктердің себебі қызылша, паротитке қарсы аралас вакцина болған деген қорытынды шығарады. Дәл осы қадағалау барысы бір ғана ғылыми жарияланымға негіз болған және ол кейінірек жалған деп танылған. Ал дәрігердің өзі мәліметтерді бұрмалағаны анықталды», – деп атап өтті. Оның атап өтуінше, аталған жарияланымда балалардағы аутиз белгілері екпе салынғаннан кейін бірнеше күннен соң пайда болғандығы айтылады. Ал негізінде балалардың бойындағы мұндай белгілер екпе салынғаннан кейін бірнеше айдан соң білінсе, енді біреулерінде екпе салынбай тұрып аутизм белгілері болған. «Сәл кейірек доктор Уэйкфилдтің аралас екпеден бас тартуға мүдделі болғандығы және аутизмі бар пациенттерді зерттеуге әдейі таңдап алғаны анықталды. Өйткені, ол қызылшаға қарсы жаңа моновакцина шығаруға қатысқан. Уэйкфтилд әрекеті заңға қайшы әрі клиникалық сынақ жүргізудің барлық ережелерін бұзады деп танылды. Сондықтан Ұлыбританияның бас медициналық кеңесі оны өмір бойы медицина қызметімен айналысу құқығынан айырды. Қазіргі уақытта вакцинация мен аутизм арасында байланыс жоқ деп саналады», – деді Виктория Виниченко.