Шу ауданына жаңа әкім тағайындалды

Шу ауданына жаңа әкім тағайындалды

Шу ауданына жаңа әкім тағайындалды
ашық дереккөзі
Жамбыл облысы әкімінің өкімімен, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің және аудандық мәслихат депутаттарының келісімі бойынша Нұржан Календеров Шу ауданының әкімі болып тағайындалды. Жаңа әкімді аудан активіне облыс әкімінің бірінші орынбасары Бекболат Орынбеков арнайы таныстырды. Ол ауданның бұрынғы әкімі Жарылқасын Айтақовтың өз өтініші бойынша қызметінен босатылғандығын жеткізді. Бекболат Орынбеков Нұржан Календеровтің мемлекеттік қызметте, оның ішінде басшылық қызметтерде болып, мол тәжірибе жинақтағанын, өз ісінің білікті кәсіби маманы екенін тілге тиек етті. Облыс әкімдігі ауданның жаңа басшысының алдына өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы, заңдылық пен тәртіпті сақтау, қоғамдағы бірлік пен келісімді нығайту бойынша бірқатар міндеттер жүктеп отыр. Өз кезегінде Нұржан Календеров аймақ басшысына сенім білдіргені үшін алғысын жеткізіп, алдағы уақытта Шу ауданының дамуы мен өркендеуі жолында бар күш-жігерін жұмсайтынына сендірді. Тұрғындар атынан сөз алған аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Қазақбай Байжұманұлы жаңа әкім ауданды одан әрі шырайландыра түссе деген ниетін жеткізді.