Зейнеткерлерді алдап келген алаяқтар тобы ұсталды

Зейнеткерлерді алдап келген алаяқтар тобы ұсталды

Зейнеткерлерді алдап келген алаяқтар тобы ұсталды
ашық дереккөзі
Рудный қаласының полицейлері алаяқтық жасап келген төрт күдіктіні ұстады, деп хабарлады облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі. Үш ер адамнан және бір әйелден құралған алаяқтар тобы Қарағанды қаласынан келген. Олардың келтірген шығын көлемі 5 млн теңгеден асады. Қылмыскерлер рудныйлық зейнеткерлерді осы жылдың ақпан айынан бері сан соқтырып келген. «Полицейлер алаяқтардың жұмыс істеу тәсілін анықтады. Яғни, күдіктілердің бірі қаладағы кез келген дүкенге кіріп, бұл сауда орнына қай нөмір арқылы қоңырау шалуға болатынын сұраған. Дүкеннің телефон нөмірін біліп алған соң алаяқтар нөмірдің тек соңы екі санын ғана ауыстырып, әдейі қате тереді. Егер тұтқаның арғы жағынан егде жастағы адамның дауысын естісе, әңгімелесе бастаған. Мәселен, жәбірленушілердің біріне: «Мен сіздің туысыңызбын, қазір Мәскеуде тұрамын және маған тұрмыстық техника сатып алуға шұғыл ақша керек», – деген. Зейнеткер оның шынымен туысқаны екеніне, оның қиын жағдайға тап болғана сеніп қалып, қаражат беруге келісімін берген. Ер адамдардың бірі оған әлдебір Николай Петрович баратынын, ақшаны сол адамға беру керегін айтқан. Сан соққан мұндай жәбірленушілердің қатары 10 адамға жетті», – дейді Рудный қаласының полиция басқармасы бастығының орынбасары Ербол Кәкенов. Тәртіп сақшылары жедел тергеу шаралары барысында алаяқтарды қалаға кезекті рет келгенінде 9 маусымда қолға түсірген. Сол уақытта алданған зейнеткер алаяқтарға 100 теңге санап берген. «Қылмыстық әрекетін жүзеге асырғандар Қарағанды облысының 18, 27, 26 және 24 жастағы тұрғындары болып шықты. Қылмыскерлер ресейлік тіркеудегі ВАЗ-2110 көлігімен жүріп, облыс орталығында пәтер жалдап тұрған. Күдіктілерден ұялы телефондар мен сим-карталар тәркіленді. Қазіргі уақытта ҚР ҚК 190-бабының 3-тармағы («Алаяқтық») бойынша сотқа дейінгі тергеу аламдары жүргізілуде. Үш айыпталушы Рудный қаласының уақытша қамау изоляторына жабылды», – делінген полицияның ақпаратында. Полицейлер күдікті қоңыраулар түскен кезде тиісті органдарға жүгініп, бөгде тұлғаларды үйге кіргізбеуге кеңес береді.