Елімізде жыл соңына дейін 74 млн тонна мұнай өндіріледі

Елімізде жыл соңына дейін 74 млн тонна мұнай өндіріледі

Елімізде жыл соңына дейін 74 млн тонна мұнай өндіріледі
ашық дереккөзі

Қазақстанда 2016 жылдың соңына дейін 74 млн тонна мұнай өндiрілмек. Бұл туралы халыққа есеп беру барысында ҚР Энергетика министрi Қанат Бозымбаев мәлімдеді.

«2015 жылдың қорытындысы бойынша мұнай мен конденсант өндiру көлемi 79,5 млн тоннаға жеттi. Әлемдiк мұнай бағасын баррелi 30 доллар шамасында ала отырып, биылғы жылдың соңына дейiн 74 млн тонна көлемiнде мұнай өндiру жоспарланып отыр. 2016 жылдың алғашқы төрт айында 26,2 млн тонна мұнай өндiрiлдi. Осылайша, бiз жоспарды 4 пайызға асыра орындап отырмыз», – деді Қ.Бозымбаев.

Министрдiң сөзiнше, мұнай бағасының өсуi елдегi компанияларға осы жылдың жоспарын асыруға мүмкiндiк бередi. «Халықаралық сарапшылардың болжамы бойынша мұнайдың әлемдiк бағасы тек 2017-2018 жылдары баррелi 60-65 доллар деңгейiнде болады. Бiз мұнай өндiру көлемi 2017 жылы тұрақтанады деп шамалап отырмыз», – дейдi ведомство басшысыү