«Nur Otan» праймеризге қатысушыларының онлайн-оқытуын бастады

Сондай-ақ!

Ұрланған 464 телефон табылды

Алматы қаласында полиция қызметкерлері жеке үйлерді тінту барысында ұрланған 464 мобилді құрылғыны тәркіледі –  деп хабарлады  ҚазАқпарат . «Криминалдық полиция қызметкерлері арнайы жасақ сарбаздарының көмегімен...

Коронавируспен ауырған бір науқасты емдеуге неше теңге керек?

Коронавируспен ауырған бір науқасты  емдеу үшін 465 мың теңгеден 900 мың теңгеге дейін қаржы жұмсалады. Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте «коронавирус инфекциясымен ауырған бір...

Қомақты қаржы жымқырған: Энергетика министрлігі мен облыс әкімдіктеріндегі бірнеше шенеунік тергелуде

«Antikor ortalygy» алаңында Нұр-сұлтан қаласы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің басшысы Шыңғыс Қабдолла ҚР Энергетика министрлігінің және бірқатар облыс әкімдіктерінің лауазымды тұлғаларының үстінен...

Баласын әжетханаға тастап кеткен әйел ешқайда кетпеу туралы қолхатпен босатылды

Бүгін, 27 қарашада осыдан бірнеше күн бұрын босанып, жаңа туған сәбиін пакетке орап, әжетханаға тастап кеткен 19 жасар колледж студенті ауруханадан шығарылды. Сәби суықта...

«Nur Otan» партиясының Саяси менеджмент мектебі партияішілік праймериздің әлеуетті үміткерлеріне арналған алғашқы онлайн-семинарын  өткізді. Елдегі жетекші саяси партияның Павлодар мен Қостанай облыстарындағы 300-ден астам мүшесі белгілі мемлекет қайраткері Ермұхамет Ертісбаев, Қоғамдық саясат институтының директоры Юлия Кучинская, коучер Жанель Сариева және журналист Ғазиза Райымбекпен бірге бейнеконференция байланысы арқылы өткен іс-шараға қатысты.

Партиялықтармен өткен вебинар барысында Ермұхамет Ертісбаев барлық уақытта да шындықты айту – депутат үшін ең маңызды қасиет екенін атап өтті. Оның пікірінше, халық қалаулысы өз сайлаушыларының өмірін жақсы жаққа қарай  өзгерту үшін қолынан келгенінің бәрін істеуі тиіс. Бірақ халықпен тұрақты ашық байланыс орнатылмаса, жұмыс жемісті болмайды, деп есептейді спикер.

Сондай-ақ ол «Nur Otan» партиясындағы халық қалаулыларының барлық жерде шын мағынасындағы нағыз халықтың лидерлері бола біліп, ел үмітін ақтап, қалың бұқараны соңынан ертіп әкете алуы керек екеніне тоқталды.

«Қазір аймақтық лидерлердің уақыты туды, сіздердің әрқайсыңыз ауданның, қаланың, облыстың лидерлеріне айналып, адамдарды өз маңайларыңа топтастыра білулеріңіз керек. Бұл – жаңа саяси тренд», – деді Ермұхамет Ертісбаев.

Партияішілік іріктеуді өткізудің ережелері мен праймериздің механизмі туралы Қоғамдық саясат институтының директоры Юлия Кучинская әңгімелеп берді. Спикер праймериз өткізу кезеңіндегі үгіт-насихат жұмысына баса назар аударды. Өз кезегінде коучер Жанель Сариева жеке басының беделін қалыптастырудағы тәжірибесін айтып берсе, журналист Ғазиза Райымбек  шешендік шеберліктің құпиясы туралы ойымен бөлісті.

Вебинарды ұйымдастырушылардың айтуынша, күнделікті тұрмыста пайдалануда дағды болып кеткен қалыпты шешімдер қазір жұмыс істемейді.

«Көпшіл тұлғаның қандай бейнесі сізді табысты саясаткер етеді, ал қайсысы ондай ете алмайды, бұл туралы сіздер біздің семинарымыздан біле аласыздар», – деді Саяси менеджмент мектебі директорының орынбасары Сәуле Бақтымбет.

Еске сала кетейік, Елбасы, «Nur Otan» партиясының лидері Нұрсұлтан Назарбаев биылғы 17 тамыздан 3 қазанға дейінгі аралықта праймериз өткізу туралы Қаулыға қол қойған болатын.

Праймериздің басты мақсаты – алдағы болатын Мәжіліс пен барлық деңгейдегі мәслихаттар сайлауына партиялық тізімдерді одан әрі қалыптастыру үшін бәсекелестік күрес негізінде жаңа лидерлерді анықтау.

Жаңа пішіндегі партияішілік іріктеуге әр партиялықтың қатысу мүмкіндігі қарастырылған. Саяси менеджмент мектебінің онлайн-семинарлары биылғы 7 тамызда аяқталады.

Белгілі саясаттанушылар, мемлекет және қоғам қайраткерлері, психологтар мен жаттықтырушылар вебинардың спикерлері болады, олардың ішінде Ермұхамет Ертісбаев, Айдос Сарым, Расул Жұмалы, Андрей Чеботарев, Саясат Нұрбек және басқалары бар.

Оқыту бағдарламасы төрт модулден тұрады: партияішілік іріктеу – праймеризді іске асырудың механизмі, праймериз өткізудің халықаралық тәжірибесі, биліктегі депутаттың рөлі мен орны, депутаттың бейнесі, имидж бен мінез-құлықтың тиімді моделін жасау және саяси риторика. Сонымен қатар интерактивті талқылау, топтарда практикалық жаттығулар мен шығармашылық тапсырмаларды орындау қарастырылған.

Сабақтар барлық тілек білдіруші партияластар үшін тегін жүргізіледі.

Толығырақ ақпарат алу үшін тұрғылықты жері бойынша партияның облыстық филиалына немесе мекен-жайы бойынша «Nur Otan» партиясының Саяси менеджмент мектебіне жүгіну қажет:

Нұр-Сұлтан, Қонаев көшесі 12/1, телефон: +7-7172-707621.

Сайт www.spm.nurotan.kz,

e-mail: info_school@spm.nurotan.kz,

www.instagram.com/spm.nurotan.kz.

 

Редакция таңдауы

Димаш Құдайберген сүйіктісі бар-жоғын айтты

Әлемге әйгілі әнші Димаштың жеке өмірі қызықты әрі құпия. Әншінің миллиондаған тыңдарманына «оның жүрегін жаулап алған кім ?» деген сұрақ қызықты, алайда әнші өз...

Генерал Б. Жанасаев: Елбасының сенімінен асқан жауапкершілік жоқ

Құқықтық тәртіп әскерінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев сенім артқан сардарлар аз емес. Олардың әр қайсысының өз орны бар. Десе де, өмірлік тәжірибесі бай, Елбасының сенімін...

Көреалмаушылықтың көрігін басу кімге керек?

Қай қоғамда болса да жиі айтылатын, жиі талқыға түсетін нәрсенің бірі − көреалмаушылық, яғни қызғаныш. Содан болар, өмірінде қызғаныштың құрбаны болғанын, көреалмаушылықтың кесірінен көп...

Ұлы көштің ұйытқысы

1 желтоқсан – Қазақстанның Тұңғыш Президенті күні. Ел тарихы үшін елеулі күн болғандықтан, Тәуелсіз мемлекетіміздің буынын бекітіп, қанатын қатайтқан Елбасының ерен еңбегін екшеп айтуымыз...

«Үй алып берем» деп ақша алыпты

Мемлекеттік бағдарлама бойынша үй алып беруге уәде еткен алаяқ әйел ұсталды, деп...

Ұрланған 464 телефон табылды

Алматы қаласында полиция қызметкерлері жеке үйлерді тінту барысында ұрланған 464 мобилді құрылғыны...

Коронавируспен ауырған бір науқасты емдеуге неше теңге керек?

Коронавируспен ауырған бір науқасты  емдеу үшін 465 мың теңгеден 900 мың теңгеге...

Қомақты қаржы жымқырған: Энергетика министрлігі мен облыс әкімдіктеріндегі бірнеше шенеунік тергелуде

«Antikor ortalygy» алаңында Нұр-сұлтан қаласы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің басшысы...

Отандық PR жөнінде онлайн декада

23-27 қараша аралығында Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Журналистика және саясаттану...

Көп оқылды

Коронавирустың жаңа белгілері пайда болды

Коронавирус жұқтырған науқастардың бойындағы ауру белгілері денге қызбасының белгілеріне ұқсас болуы дұрыс диагноз қоюға кедергі келтіруде. Аталмыш белгілерді анықтаған Сингапур ғалымдары арнайы баяндама жасады....

Қазақ Тәуелсіздігіне – 25 жыл

2016 жылдың үлкен мерейтойы – Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы. Айтулы мерекеге республикамыздың түкпір-түкпірінде қызу дайындық жұмыстары жүргізілетіні бесенеден белгілі. Ал ақтөбеліктер егемендігіміздің ширек...

Ертеңнен бастап мас күйінде көлік жүргізгендер 10 жылға сотталады

Көлікті мас күйінде тізгіндеп, жол ережесін бұзғандар 7 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылады. Президент осындай өзгеріс енгізілген заң жобасына бұған дейін қол қойған,...

Мемлекет басшысы коронавирустың екінші толқынына не себеп болғанын айтты

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев телевизиялық үндеуінде елде коронавирустың және пневмония дертінің өршуіне не себеп болғанын айтты.  «Коронавирус қаупіне байланысты пандемия басталғалы біз елдегі вирустың таралуына шектеу...