Коронавирус жұқтырған түлектер ҰБТ-ны қалай тапсырады?

Коронавирус жұқтырған түлектер ҰБТ-ны қалай тапсырады?

Коронавирус жұқтырған түлектер ҰБТ-ны қалай тапсырады?
ашық дереккөзі
Ұлттық тестілеу орталығының директоры Дидар Смағұлов коронавирус жұқтырған түлектің ҰБТ-ны қалай тапсыратынын түсіндірді, – деп жазды ҚазАқпарат. «Түлектердің коронавирусқа шалдығуы жағдайы болуы мүмкін. Сондықтан ҰБТ өткізетін әр пунктте кезекші аудитория бар. Осы орайда қажет болғанда бұл аудиториялар ашылады. Балаларда инфекция болса, олар тестіні жалпы аудиториядан бөлек тапсырады», – деді Д. Смағұлов Орталық коммуникациялар қызметінде. Бұл тұрғыда ол осы шаралар өкілетті органның келісімі мен нұсқауы бойынша іске асырылатынын атап өтті. Яғни, денсаулық сақтау саласы мамандарының ұсынысы назарға алынады. «Егер осындай ұсыныстар болса, олар үшін ҰБТ-ны бөлек өткізуге дайынбыз. Біздің мамандар арнайы киімдер киеді. Атап айтқанда, ҰБТ-ны барлығы тапсыратындай жағдай жасауға тырысамыз», – деді Ұлттық тестілеу орталығының директоры. Бұдан бұрын хабарланғандай, Дидар Смағұлов биылғы ҰБТ-ны өткізу тәртібі жайынды түсінік берді. Карантиндік шектеулерге байланысты елдің барлық аймақтарындағы ҰБТ өткізу орындарында күшейтілген медициналық-санитарлық шаралар енгізіледі. Ғимаратқа кіргізу кезінде тест тапсырушылардың арасындағы екі метрлік арақашықтықты қатаң сақтау арқылы маскалы режим жүзеге асырылады. Әр тест тапсырушы 5 бақылау кезеңінен өтетін болады, оның ішінде сыртқы киімді дезинфекциялық ерітінділермен залалсыздандыратын арнайы дәліз арқылы өту ескерілген.