Жұма, 30 Қыркүйек, 2022

COVID-19: өзін өзі үй жағдайында емдеген ер азамат көз жұмды

Көкшетауда коронавирустан көз жұмған 68 жастағы әйел мен 43 жастағы ер адамның диагноздары белгілі болды. Бұл туралы Ақмола облыстық тауарлар және көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің баспасөз қызметі мәлімет берді.

«1952 жылғы әйел өкпесінің екіжақты қабынуы, лимфоаденопатия, эксудативті плеврит белгілерімен көпбейінді облыстық аурухананың интенсивті терапия бөлімшесіне жеткізілді. Жағдайы ауыр деп бағаланды. Науқас демікпеге шағымданды және өкпені жасанды желдету аппаратына қосылды. Жүргізілген ПТР тексеру коронавирустық инфекцияны анықтады. Бақылаудың барлық кезеңінде науқаста теріс динамика байқалды. Дәрігерлер жүргізген реанимациялық шаралар нәтиже бермеді. 14 маусымда науқас көз жұмды. Жедел жәрдем бригада жеке қорғану құралдарымен жұмыс істеді», – дейді ведомстводан.

Сонымен қатар, Covid-19 коронавирус инфекциясының ауыр ағымы, өкпесінің екіжақты қабынуы жіті респираторлық дистресс-синдромның асқынуы диагнозымен облыс орталығының тұрғыны 1977 жылғы ер адам көз жұмды.

«Медициналық көмекке уақытылы жүгінген кезінде, қайғылы жағдай болмас еді. Ер адам 4 күн өзін-өзі емдеген. Дене қызуы 41,3 градусқа көтерілген кезде дәрігерлер қызметіне жүгінген, бірақ ол нәтиже бермеді. Уыттану синдромы мен тыныс алу жеткіліксіздігінің аясында науқастың жағдайы нашарлап, ол да 14 маусымда көз жұмды», – деп толықтырды ведомстводан.

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button