Саяхатшы Бурабайдың қоқысқа көмілгенін айтып, әкімдікті сынады

Саяхатшы Бурабайдың қоқысқа көмілгенін айтып, әкімдікті сынады

Саяхатшы Бурабайдың қоқысқа көмілгенін айтып, әкімдікті сынады
ашық дереккөзі
Қазақстан ұлттық география қоғамының өкілі, саяхатшы-блогер Нұржан Алғашов Бурабай демалыс аймағының қоқыстың астында қалғанын әлеуметтік желіде жазып, фотосымен бөлісті. Ол сондай-ақ әкімдікті сынға алды. «Бурабайдың бүгінгі кейпі осындай. Әлбетте мына қоқыс осында келген демалушылардың тірлігі. Алайда менде Бурабай ауданының әкімдігі мен Бурабай ұлттық паркі өкілдеріне қояр сұрағым бар.
  1. Қоқыс жәшігін тазартып тұрмасаңдар, неге оны қойдыңдар?
  2. Осы аумақты тазалау мен қоқысын шығару кімге тиесілі, кім жауапты?
  3. Мұндай келеңсіздік қайталанбас үшін сіздер қандай әрекеттерді қолға алып жатырсыздар?
Құрметті облыс әкімі, «Қазақстанның Швейцариясы» деп атап жүрген демалыс аймағымыз осындай болу керек пе? Visit Akmola Турситік ақпарат орталығынан түсініктеме күтеміз» – деп фейсбук әлеуметтік желісіндегі «Путешествуем по Казахстану» тобында жазды. Өздеріңізге белгілі пандемияға байланысты әлемнің бірқатар елінің курортты аймақтары өз есігіне құлып салды. Сондықтан қазақстандықтар еліміздегі демалыс орындарының негізгі қонақтары болатыны сөзсіз.