8 жасар қыз көлге батып кетті

8 жасар қыз көлге батып кетті

8 жасар қыз көлге батып кетті
ашық дереккөзі
Шығыс Қазақстан облысының Ұлан ауданында 8 жасар бала суға кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыстық төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап. Департаменттің мәліметінше, кеше Ұлан ауданының тұрғыны баласының Дубығалы көлінде жоғалып кеткенін айтып, көмек сұраған. Таврическое ауылының құтқарушылары бірден баланы іздеуге кірісті. Олар көлдің айналасын, жағалауын, тау-тасты түгел аралап, баланы іздеді. Содан кейін Өскемен құтқару жасағының сүңгуірлері су астынан қарай бастады. «2012 жылы туған қыз баланың денесі жағалаудан 5 метр жерде үш метр тереңдікте жатыр екен. Қайғылы оқиғаға баланың қараусыз қалып қоюы себеп болған. Бұл мәселені аймақ құтқарушылары үнемі айтып, ата-аналарға ескертіп келеді. Биыл өңірде баланың суға кетуі бірінші рет тіркеліп отыр» деп мәлім етті ТЖД баспасөз қызметі. Құтқарушылар ата-аналарға жағалауда демалған кезде барынша абай болып, баласын қараусыз қалдырмау керектігін еске салады.