Жамбылда вакцина шығаратын зауыт құрылысы басталды
Жамбылда вакцина шығаратын зауыт құрылысы басталды
Премьер-Министр Асқар Мамин Жамбыл облысында Қордай ауданының Гвардейский қала үлгісіндегі кентінде ҚР БҒМ Ғылым комитетінің Биологиялық қауіпсіздік мәселелері ғылыми-зерттеу институты (ҒЗИ) жанындағы вакцина шығаратын биофармацевтикалық зауыттың құрылысын бастап берді.
Бұл туралы primeminister.kz хабарлады.
Зауыт тиісті өндірістік тәжірибенің (GMP) халықаралық стандарты бойынша иммунобиологиялық дәрі-дәрмектер, оның ішінде коронавирус инфекциясына қарсы вакцина шығаратын болады. Қазіргі таңда Қазақстан ҒЗИ-ның COVID-19-ға қарсы кандидаттық вакцинасы ДДСҰ тізіміне енгізілген және клиникаға дейінгі сынақтан сәтті өтіп жатыр.
ҚР БҒМ Ғылым комитетінің Биологиялық қауіпсіздік мәселелері ҒЗИ 1958 жылы КСРО-ның 6 ірі вирусологиялық институтының бірі ретінде құрылды. Штат 214 ғылыми қызметкер мен жетекші вирусолог-ғалымдардан (академиктер, докторлар және ғылым кандидаттары, PhD) құралған, қауіпті инфекциялармен жұмыс істеуге арналған 13 зертхананы қамтиды.
ҒЗИ ауыл шаруашылығына және денсаулық сақтау жүйесіне арналған вакциналар әзірлейді, иммундық-биологиялық препараттар шығарады, биологиялық қауіпсіздік қаупі саласында зерттеулер жүргізеді, қауіпті және аса қауіпті ауруларды диагностикалау бойынша тест жүйелерін әзірлейді, вирустар мен микроорганизмдердің қауіпті және аса қауіпті штаммдарының депозитарийі саналады.
ҒЗИ шетелге вакциналар жеткізуші ретінде Кеден одағының тізіліміне енгізілген, Ислам Ынтымақтастығы Ұйымына мүше мемлекеттердің вакциналарды өндірушілер тобына кіреді.