COVID-19: Павлодарда 1 науқас көз жұмды
COVID-19: Павлодарда 1 науқас көз жұмды
Павлодар облысында коронавирус инфекциясынан 1 адам көз жұмды, деп хабарлайды coronavirus2020.kz.
Марқұм – 1961 жылғы әйел адам.
Коронавирусты жұқтырған науқастардың өлім жағдайын зерттеу жөніндегі комиссия аталған өлім себебін коронавирус инфекциясынан орын алды деп тіркеуге шешім қабылдады.
Айта кетейік, Қазақстанда COVID-19-дың кесірінен барлығы 68 адам қайтыс болды.