Жаңалықтар

Нұр-Сұлтанда пневмонияға шалдыққандар саны артты

ашық дереккөзі

Нұр-Сұлтанда пневмонияға шалдыққандар саны артты

Елордада пневмониямен ауыратындар қатары көбейді.  Бұл туралы онлайн брифингте қалалық  қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәуле Қисықова мәлімдеді. "Қазір пневмониямен ауыратындар саны өсіп жатқаны байқалады. Инфекциялық және провизорлық стационарларда жатқан пациенттердің 62 проценті – пневмониямен түскен науқастар. Ауру орташа, ауыр және ауыр түрде өтіп жатыр", – деді С.Қисықова. Басқарма басшысының сөзінше, пневмонияның 70 проценті – бұл коронавирус инфекциясының асқынуы. Тек 30 пайызы ғана – вирустық-бактериалды пневмония. "Коронавирус пандемиясы артта қалды деп айтуға мүлде болмайды. Вирус жұқтырудың басты факторы – маска тақпау, ара қашықтықты сақтамау, қоғамдық орындарда гигиена сақтамау", – деп Сәуле Қисықова қалалықтарды санитарлық талаптарды мұқият орындауға шақырды. Соңғы дерек бойынша, Нұр-Сұлтанда 2 620 адам індетке шалдықты. Науқастардың 1 829-ы дертінен айықты, 14 адам көз жұмды. Бас қаламызда індет жұқтырған дәрігерлер қатары да артып келеді. С.Қисықованың дерегінше, қалада 330 медицина қызметкерінен қатерлі вирус анықталған.