Жаңалықтар

Карантин: Бас санитар ақтөбеліктерге қонақ шақыруға тыйым салды

ашық дереккөзі

Карантин: Бас санитар ақтөбеліктерге қонақ шақыруға тыйым салды

Ақтөбеде карантин режимі күшейтіліп, сауда орындарының жұмыс уақыты шектелді.  Қалада қоғамдық көлік кестесі де өзгерді.  Өңірде індет жұқтырғандар санының артуына байланыста облыстың бас санитар дәрігері Нұрсұлу Беркімбаева  жаңа қаулы шығарды. Қаулы бойынша өңірде  бірқатар кәсіпкерлік обьектісінің жұмысы уақытша тоқтатылады. «Ақтөбе облысы бойынша шектеу шарасы бар, оны күшейтуге қаулы қабылданды. Себебі қарапайым шектеу шарасы сақталмай, індет жұқтырғандар көбейді. Бүгіннен бастап интернет, компьютер клубтары, саябақ, скверде, ойын-сауық орындарындағы балалардың ойын алаңы жұмысын тоқтатты. Біз 15 маусымнан бастап сауықтыру лагеріне жұмыс істеуге рұқсат беріп едік, бірақ бәрі кейінге шегерілді. Түнгі клубтар мен караоке жабылды. Бұқаралық шараларға, еске алу кештеріне тыйым салынды. Қонақ шақыруға болмайды. Көрме, форум, конференция өткізілмейді. Саябақтағы тамақтану дүңгіршектері жабылды», - деді облыстық тауарлар мен көрсетілетін қызметтер сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы Нұрсұлу Беркімбаева. Жаңа қаулы бойынша қоғамдық көлік 6:00-ден 21:00-ге дейін жүреді. Тұрғындардың себепсіз сыртқа шығуына тыйым салынады. Тек жұмысқа барып-келуге, азық-түлік, дәрі-дәрмек сатып алу мақсатында ғана үйден шығуға рұқсат беріледі. «Түрлі тауар сататын, мал, киім-кешек, автокөлік, құрылыс базарлары дүйсенді-бейсенбі аралығында 09:00-ден 15:00-ге дейін, ал жұма-жексенді күндері 10:00-ден 16:00-ге дейін жұмыс істейді. Азық-түлік дүкені, супермаркеттер 10:00-ден 20:00-ге дейін жұмыс істейді. Соңғы деректер бойынша адамдар базарға барған, балалармен ойын алаңдарынды қыдырып, қонақ шақырған. Бұл дұрыс емес», - деді Нұрсұлу Беркімбаева. Айта кетейік, өткен тәулікте Ақтөбе облысында 48 адамнан коронавирус инфекциясы табылды. Аймақта індет жұқтырғандардың жалпы саны 492-ге жетті. Ал республика бойынша коронавирусқа шалдыққандар саны 13 782 болды. Өткен тәулікте 314 адамнан қатерлі вирус анықталды. Еске сала кетсек, кеше вице-премьер Ералы Тоғжанов індетке шалдыққандар саны артқан өңірлердің әкімдеріне карантин шараларын күшейту мәселелерін қарастыруды тапсырған болатын. Бұған дейін Нұр-Сұлтанда карантин шаралары күшетілгенін хабарлағанбыз.